Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
Бұл туралы Елшіліктің фейзбук парақшасында жазылды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы 25 жылға жалғасқан татулық пен ынтымақтың белгісі ретінде ол өз таныстарына АҚШ-тың 50 штатында ет асып, соның суретін әлеуметтік желі арқылы жариялауды тапсырды.
Сондай-ақ Елшілік парақшасында «Елші Джордж Крол жанұясымен және Коммерциялық бөлімінің басшысы Пэт Кэссиди жиені Сарамен бірге Род-Айлендтте бірінші #beshintheusa дайындады! USKZ қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын тойлау үшін бізге қосылыңыз, біз 2016 жыл бойы барлық 50 штаттағы бешбармақтың суреттерін жинаудамыз! Instagram-ға #beshintheusa фотосуретін салыңыз немесе beshusa@gmail.com-ға жіберіңіз. Ас дәмді болсын!» -деп жазылған.