Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақмола облысында тағы бір әйел үсіп, мерт болды

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильевка ауылының тұрғыны 19 қараша күні құрбысының үйінен шығып, алайда өз үйіне оралмаған. Зайыбын іздеп-іздеп таба алмаған ер адам полицияға хабарласуға мәжбүр болыпты. Іздеу жұмыстары барысында 21 қараша күні ауыл шетінде қалың қар арасынан жоғалып кеткен 50 жастағы әйел адамның денесі табылған.

“Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, әйел адамның өліміне себеп болған – ағзаның жалпы суықтауы”, — деді агенттікке сұхбат беруші.

Бұдан бұрын бұқара халыққа 19 және 20 қараша аралығында дауылдық ескерту жарияланып, кей жерлерде ауа температурасының минус 40 градусқа дейін төмендейтіні айтылған болатын.

Бірер күн бұрын Ақмола облысында әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің денесі ауыл сыртынан табылған.  Сол секілді Куропаткино ауылында 50 жастағы ер адам үйіне жете алмай, орта жолда үсіп қалған. Кейбір болжамға сәйкес, екі қайғылы оқиғада да ұйтқыған боранда олар адасып, кері орала алмай, үсіп мерт болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз