Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақмола облысында ауылдық мектептің қазандығы жарылып, өртке оранды

Ведомствоның мәліметінше, 28-қарашада Зеренді ауданында Доңғұлағаш ауыл мектебінің қазандығында өрт шыққан. Өрт ауданы 150 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің төрт арнайы көлігі қатысқан.

“Өрт шығуының алдын ала себебі – жылыту пешін пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Қазандықта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде”, — деді Зеренді ауданы төтенше жағдайлар басқармасы.

Зеренді ауданының білім беру бөлімінің хабарлауына сәйкес, сабақтар уақытша көрші ауылда өтетін болады.

“Доңғұлағаш мектебінің 32 оқушысын көрші мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Оқу процессі үзілген жоқ”, — деп сендірді білім беру бөліміндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз