Қазақстанда Аджи Найман лақап атымен танымал нигериялық Аджибола Аканни қазақ тілін үйренудің ерекше тәсілін ойлап тапқан. Ол жаңылтпашты әнге айналдырып, шумақ құрап, жуырда оны жеке туынды етіп жарыққа шығарды, деп жазады 365info.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Алматыдағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен сабақ беретін ол оқушыларға жаңа сөздерді рэп арқылы үйретіп, әуен мен ырғақтың көмегімен оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып жүр. Жақында оның бір видеосы Instagram желісінде кеңінен тарап, миллионнан астам қаралым жинады.
«Мен Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келгенмін. Йорубамын. Бакалавриатта психология мамандығы бойынша, кейін білім беру саласы бойынша білімімді жетілдірдім. Содан соң Қазақстанда менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін иелендім. Ағылшын тілі мұғалімі ретіндегі кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында Cambridge CELTA халықаралық сертификатын алдым. Қазір докторантурада білімімді жалғастырып, диссертация жазумен айналысып жүрмін», – дейді ол өз сұхбатында.
Оның сұхбатының толық нұсқасын Turkystan.kz сайтынан оқи аласыздар.