Маңғыстау облысында екі күн ішінде үш отбасы бірден егіздердің ата-анасы атанды. Облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында алты сәби дүниеге келген. Ана мен бала перинаталдық орталығының мәліметінше, нәрестелердің екеуі – ұл мен қыз, ал бір жұбы – екі ұл.
«Алғашқы егіздер 13 қараша күні сағат 14:00 және 14:09-да өмірге келді. Отбасында салмағы 2740 грамм, бойы 51 см ұл бала және салмағы 2830 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді. Сол күні кешкі сағат 17:16 және 17:33-те тағы бір жұп егіз туды. Бұл жолы ата-анасы қос ұлды болды. Нәрестелердің салмағы 2430 және 2290 грамм, бойлары 46 см», – деді ведомство.
Сонымен қатар келесі күні тағы да егіздер дүниеге келген.
«Ал 14 қараша күні сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 см ұл бала, ал сағат 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді. Кішкентай ханзадалар мен ханшайымдардың есімдері әзірге толық анықталған жоқ. Тек бір ұл мен қыздың ата-анасы оларға Ануар және Ақнұр деп ат қойған. Осылайша, екі күнде перинаталдық орталық тарихында алты сәби өмірге келіп, үш отбасы егіздердің ата-анасы атанды», – деді ведомство өкілдері.