Алматылық «Қайрат» футзалдан жылдың Қазақстан чемпионы атанды. Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесу Семейде өткен. Алматылық команда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. Осылайша «Қайрат» Қазақстанның 22 дүркін чемпионы болды.
«Семей» былтырғыдай биыл да күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, алдыңғы маусымда бұл команда алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп, «Қайраттың» жеңісті сериясын тоқтатқан еді.