Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысы бойынша алғаш рет 20,5 миллион адамнан асқанын хабарлады. Бюро 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы деректерді ұсынды. Мәліметке сәйкес, Қазақстан халқы 20,5 миллиондық межеден асты.
«1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен», – делінген хабарламада.