Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Әділ сөз» қорының басшысы Конституцияда мемлекеттік органдар келтірген зиянды өтеу құқығын бекітуді ұсынды

Атап айтқанда, мемлекеттік шешімдер – рұқсаттар, тыйымдар немесе тексерулер қарапайым адамның жұмыс істеу, оқу, емделу және өз мүлкін қорғау мүмкіндігін анықтайды.

Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, адамның мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келтірілген зиянды өтеу құқығы құқықтық мемлекеттің және құқықтар мен бостандықтардың нақты сипатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

«Қазақстандықтар осындай залал үшін парапар өтемақы алуға тиіс. Егер азаматқа әділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты, ақшасы немесе тіпті жүйкесі үшін өтемақы алуы керек», – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай конституциялық кепілдік азаматтарды қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупін азайта отырып, тұрақты алдын алу әсерін тигізеді.

«Егер сот мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттері заңсыз деп таныған жағдайда, азаматтарға осындай өтемақы алу мүмкіндігіне кепілдік беру қажет», – деді Қарлығаш Жаманқұлова.

Ол мұндай кепілдікті Конституция деңгейінде енгізу әр адамның құқық субъектілігін тану екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция әрбір адам құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатындығынан және оларды, мемлекеттен де қорғауды өз бетінше талап етуге құқылы кендігінен туындайды», – деді ол.

Жалпы, Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, мұндай норманы енгізу әрбір азаматты жария-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы етеді, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың практикалық құралына айналады.

«Сайып келгенде, мұндай нормамен жаңа Конституцияның жобасы ел азаматын, оның мүдделері мен құқықтарын бірінші орынға қоятын барынша адамға бағдарланған болады. Сондықтан Конституцияға әрбір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынамын», – деп сөзін түйіндеді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз