Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Bett Show 2026: Саясат Нұрбек әлемнің жетекші технологиялық компанияларымен кездесті

Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін де қарастырды. Олардың қатарында жасанды интеллект құралдарын білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне енгізу, университеттерде цифрлық экожүйелерді дамыту, стартап-бастамаларды қолдау, сондай-ақ академиялық орта мен технологиялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бар. Практикаға бағдарланған өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтіліп, оның жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы рөлі ерекше көрсетілді.

Сонымен қатар көрме аясында министр Bett Show 2026 ресми медиа-платформасына сұхбат беріп, онда Қазақстанның білім беру, ғылым және цифрлық трансформация салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын таныстырды. Сұхбат барысында жасанды интеллектіні дамыту, білім беру үдерістерін цифрландыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және елде тұрақты инновациялық экожүйе қалыптастыру бағытындағы стратегиялық міндеттерге тоқталды.

Өткізілген кездесулер әлемнің жетекші технологиялық компаниялары тарапынан Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылығын айқындап, елдің жаһандық білім беру және технологиялық кеңістікке белсенді түрде ықпалдасуға ұмтылысын тағы бір мәрте көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз