Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Өскеменде жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өтті

Мемлекеттік қызметшілер «Қаппен жүгіру», «Жастықпен төбелес», «Жұбайын арқалап жүгіру», «Командалық арқан тартыс» және «Қорытынды эстафета» деген бес сын бойынша жарысқа түсті.

«Биыл 11 жастағы ұлыммен келдім. Өзім көпбалалы анамын. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жаңа жылды осылай салауатты өмір салтын ұстанып, әріптестеріміздің ортасында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып жатқанымыздың тәрбиелік мәні де өте зор», – деді Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Ешмұханбетова.

Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігі жеңімпаз атанды. Ал Глубокое ауданы әкімдігі екінші орын алса, Зайсан ауданы әкімдігі үздік үштікті түйіндеді. Үздік деп танылғандарға бағалы сыйлықтар берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз