Павлодарда 72 жастағы зейнеткер телефон арқылы алаяқтарға 2 миллион теңге аударып жіберді. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер телефон алаяқтарының құрбанына айналды. Олар белгілі схема бойынша әрекет етті. Бәрі Ресейде тіркелген нөмірден келген қоңыраудан басталды: қоңырау шалушы өзін дәрігер ретінде таныстырып, басқа емханадан вакцинациядан өту керектігін айтты.
«Алаяқтардың нұсқауларын орындап, зейнеткер 2 миллион теңгені алып, оны шетелдегі белгісіз шотқа аударып жіберді. Тек аударымнан кейін ғана әйел өзіне алаяқтық жасалғанын түсінді. Қылмыскерлер іздерді жасыру үшін барлық хабарлама мен қоңырауды өшіруді талап етті. Міне осы жағдайдан кейін әйел полицияға жүгінді», – деп хабарлады полиция.