Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

БҚО-да жаңа мектеп екі жыл өтпей апатты күйге түскен

Ведомство мамандарының айтуынша, олар оқиға орнына барып, жағдайды тексерген. Балаларға қауіп жоқ деп сендірді. Техникалық тексеру нәтижесінде ақаулар тек аралық қабырғалардан ғана анықталған.

«Тіреуіш қабырғаларда ешқандай жарық жоқ. Алайда аралық қабырғаларда үлкенді-кішілі жарықтар пайда болған. Қазір облыс әкімі атынан КПО компаниясына мердігерді сотқа тарту туралы талап-хат жолданды. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырып жатырмыз. Зақымдалған аралық қабырғалар бұзылып, қайта қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстары ертең басталуы тиіс», – дейді Құрылыс басқармасының басшысы Нүркен Молдашев.

Мектепке берілген кепілдік мерзімі осы жылдың соңында аяқталады. Сол уақытқа дейін мердігер барлық ақауларды толық жоюға міндетті. Құрылыс басқармасындағылардың айтуынша, егер бәрі жоспарға сай жүрсе, екі аптадан кейін балалар өз мектептеріне қайта оралады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз