Шымкентте пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды. Олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері болған. Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.
Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерде газ иісі анықталмаған. Студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.