Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжолов Нұрбайды Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтады.
18 жасында Панфилов дивизиясы құрамында пулемет взводының кіші лейтенант командирі болды. Украина мен Польшаны азат етуге қатысқан. Соғысты 1945 жылы 13 мамырында Чехословакияда аяқтаған. Жарақат алған. Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы және Богдан Хмельницкий ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейінгі қызметі Украинаның батысында және ГДР-да өтті. Полковник шенімен запасқа шығарылды. Жұбайы Ольга екеуі 4 ұл тәрбиелеп өсірді, 5 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.
Қазақстан мен Украина халқы Нұрбай ата сияқты лайықты, аты аңызға айналған тұлғаларды құрметтейді және мақтан етеді.