Дінтанушының айтуынша, жастар бетімен кеткен.
Жаңаөзенде болған тойлардың бірінде жас жұбайлар «жар-жардың» орнына «Бақара» сүресінің 2-аятын қосып шыққан. Тойдан үзінді TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды. Оған қатысты 3 мыңнан астам пікір бар. Желі қолданушылардың бірі бұл дұрыс үрдіс десе, кейбірі Құран тек мешітте оқылуы керегін жазған.
Оның айтуынша, жастардың басым көпшілігі ислам дінін ата-бабасынан үйренбеген. Қазіргі заманғы, бір жағы арабша, парсыша түсініктегі діни ұстанымды ұстанады. Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмайтын шығармыз дейді дінтанушы. Жалпы, шариғат бойынша да Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде құран оқып, мұндай қарсы алу болмаған.
«Мына жерде оқылған аяттар өте ауыр. Миғраждан алып келген аяттар. Сондықтан, ол да мүлдем сәйкес келмейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінде үйленіп жатқанда Құран оқылғаны болған. Алайда, той барысында Құран оқылды деген жоқ. Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі той болғанда «сіз бізге, бізден сізге келді» деп дауылпаз тартып, көтеріңкі көңіл күй болуы керек деп айтылғанын «Отбасы» кітабында жазған болатынмын. Демек, Пайғамбар (с.ғ.с.) да Құран оқу деген талап қоймаған, ән, жыр айту керек делінген. Сондықтан бүгінгі тойларда да ән-жыр айтылуы керек», – дейді Паттеев.