Ресейлік әнші Валерия Ланская “Айнытпай орындау” шоуында Димаш Құдайбергеннің образын сомдады.
Қазылар алқасының мүшесі Максим Галкин актрисаға үш ұпайдан артық бере алмады. Тележүргізушінің айтуынша, Ланская Димаштың феномендік дауысын бере алмаған. Максим айтқандай, актрисаның дауысында еркіндік жетіспеген.
“Ал, сен авантюрист екенсің. Бірақ бұл масқара болды, сұмдық енді! Сіздер, мені кешірерсіздер, бұл жоғары ноталарды ұстап қалу үшін әннің жартысын төмен нотамен “қысып” ұстауға болмайды.
Димаш Құдайберген айрықша әнші, сондықтан ешкімге бұл бейнені сомдауға кеңес бермес едім. Мен әннің тең жартысында қалай айтар екен деп қобалжып отырдым. Ең бастысы, ол өзінің бар дауысын еркін қолданады. Ол бес октавасы болса да, өлең айтқанда дауысы сол октаваларда оңды-солды жүгіріп жүреді. Бұл жерде ноталар – ең бастысы”, – деді ресейлік танымал шоумен.
Қазылар алқасының қалған мүшелеріне келетін болсақ – Леонид Ярмольник, Максим Аверин және Михаил Боярский — олар орындаушыға риза болып, әншінің орындауына ең жоғары бес балл қойды.