Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Өзбекстан Қазақстанның Топ-3 қаржы донорларының қатарына енді

фото: protivkart.org

Ұлттық банктің мәліметінше, қараша айында Өзбекстаннан ақша аудару жүйелері арқылы 5 млрд 446,8 млн теңге жіберілген. Бұл жаңа рекорд (алдыңғы 66,3 миллионға аз, бір ай бұрынғы көрсеткіш).

2019 жылдың қарашасымен салыстырғанда алынған қаражат көлемі екі есе өсті (2,8 млрд-тан). Осылайша, соңғы екі айдың ішінде осы елден 10,8 млрд теңге жөнелтілді — бұл 2019 жылдық көлемнің үштен бірінен көп (шамамен 31 млрд).

Соңғы айлардағы раллидің арқасында Өзбекстан Қырғызстанды басып озып, негізгі “жеткізуші” елдер арасында үшінші орынға шықты. Қырғызстан көрсеткіштері де айтарлықтай жоғары деңгейде – қарашада 3,2 млрд теңге (өткен жылдың ұқсас айынан +5,9%) және 11 айда 30,3 млрд теңге (+12,3%).

Ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген қаражат көлемі бойынша Ресей мен Корея көш басында тұр (11 айдың қорытындысы бойынша). Алайда, бұл елдерден ақша ағымы да төмендеуде:

  • қараша айында Ресейден алынған қаражат көлемі 5 млрд теңгеден асты. Бұл ағымдағы жылдың сәуір айынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда төмендеу қатарынан 19 ай бойы жалғасып келеді, ал қаңтар-қараша қорытындылары бойынша минус 43,4%-ды құрады
  • Кореядан аударымдар көлемінің төмендеуі 8 ай бойы жалғасып келеді – 11 айда көрсеткіш 21,6%-ға төмендеп, 47,1 млрд теңгені құрады. Оның 4,7 млрд теңгесі қарашаға келді.

Шетелге ақша аударымдары өсті

Өзбекстаннан ақша аудару көбейгенімен, кері бағытта аударымдар азайды. Қараша айында ақша аударымдары жүйелері арқылы Өзбекстанға 13,4 млрд теңгеден аз қаражат кетті – сәуір айынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Алайда, жыл қорытындысы бойынша динамика оң болды.

11 айда Өзбекстанға 141,1 млрд теңге кетті — бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға (немесе 11 млрд-қа жуық) артық. Өзбекстан барлық шетелдік аударымдардың 85%-ын құрайтын төрт елдің қатарына кіреді. Қалған үшеуі:

  • Ресей — қараша айында 20,1 млрд теңге, жыл басынан бері 192 млрд теңге. 2019 қаңтар-қарашаға қатысты өсім 1,3% құрады
  • Қырғызстан – тиісінше 15 млрд, 151,9 млрд және 92,7%
  • Түркия – тиісінше 15 млрд, 123,7 млрд және 45,8%.

Қараша айында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы барлығы 77,5 млрд теңге жөнелтілді. Бұл 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш болса да, 2019 жылғы қарашадан үштен бірге көп.

11 айдың қорытындысы бойынша аударымдардың өсімі 19,2%-ды құрады — 598-ден 712,8 млрд теңгеге дейін. Осылайша, биылғы жылы қазақстандықтар орта есеппен шетелге күн сайын 2,1 млрд-тан жөнелтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз