Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Пандемияның екінші толқыны Ұлттық қордың инвестициялық табысын «жалмап» үлгерді

189

Қазан айында Қазақстанның мұнай доллары «қобдишасының» активтері кезекті рет төмендеді. Сарапшылар

елдің ЖІӨ-нің ең төменгі көлемі 30%-ды  шектеу туралы негізгі ережені бұзатын сәт жақындап келеді

деп алаңдап отыр.

Шығын көп

Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенсек,  қазан айында актив 0,8%-ға төмендеді  Абсолюттік мәнде — 201,7 млрд теңге. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында тиісінше 0,8% және 207,0 млрд теңгені құрады.

Жылдық мәнде қысқару әлдеқайда көп  – 3,0% немесе 784,4 млрд теңге болды. Егер 2020 жылдың басындағы деректерге тоқталсақ, 10 айда қордың активтері 7,1%-ға азайды. Бұл 2020 жылы ол абсолюттік мәнде 1 трлн 934,5 млрд теңгені жоғалтты дегенді білдіреді.

Бизнесті көлеңкеден шығару үшін әділ жағдай жасау керек — Рустам Жүрсінов

Бұл ретте қаржы министрлігі осы деректерді келтіре отырып, бірінші жартыжылдықта Қор қаражатының инвестицияларынан түскен табысты ескерді.

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың айтуынша, 9 айдың қорытындысы бойынша табыс $1,5 млрд құрады, бірақ  қыркүйектегі теріс түзетуді назарға алмаған. Сондай-ақ Қордың долларлық баламадағы активтері қыркүйек айында $1,4 млрд-қа дерлік қысқарғанын атап өтті, оған түсімдер мен республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт арасындағы теріс алшақтық себеп болған. Пандемияның екінші толқынынан келетін қауіпке байланысты қаржы нарығындағы теріс түзету де әсер еткен.

Екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қор активтерін басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,218 трлн теңгені құрады. Досаев көрсеткен ағымдағы бағам бойынша $1,5 млрд шамамен 650 млрд теңгені құрайды.

Табыстардың осы бабы бойынша үшінші тоқсандағы шығындар шамамен 570 млрд теңгені құрады.

Мұнайшыларға төлеген салықтарын қайтарды

Қорға түсетін түсімдердің артуы бұл шығындардың орнын толтыра алмады. Қазан айында олар тек 1,2%-ға артты.

Бұл ретте мұнай секторынан түсетін тікелей салық түсімі 1,5%-ға немесе 17,6 млрд теңгегеден 1,176 трлн-ға дейін шамалы өсім берді.

Мектепке арналған отандық сапалы оқулықтар қашан шығады?

Мұнай компанияларынан түсетін басқа да түсім бойынша қаржы министрлігінің есептілігі бұрынғысынша теріс нәтиже көрсетті, бұл жолы минус 1,5 млрд теңге. Әдетте мемлекет бұрын есептеген айыппұлдарды қайтарғанын білдіреді.

Қазір үкімет республикалық меншікті жекешелендірумен іс жүзінде айналыспайды. Нәтижесінде Ұлттық қорға осы бап бойынша түсім өте аз түседі— 0,9 млрд теңге.

Квазимемлекеттік ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер қыркүйек айының шегінде, 0,02 млрд теңге деңгейінде қалды

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер де шамалы көрінеді – 0,2 млрд теңге.

Шығыс бөлігіндегі негізгі рөл қордан республикалық бюджетке аударылатын кепілдендірілген трансферттерге тиесілі. Қазан айында олардың көлемі 5,6%- ға өсті немесе 230 млрд болды. Қор активтерін басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар да 3,8%-ға, 5,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз