Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жастар елдің саяси өміріне белсенді атсалысуда — сарапшы

199
Ақорданың баспасөз қызметі

Алдағы 2021 жылдың қаңтарындағы мәжіліс сайлауы жаңа жағдайда өтеді. Партиялар әйелдер мен жастарға  квоталық орын бөледі, парламенттік оппозицияның мәртебесі өзгерді және басқа да өзгерістер болады. Сонымен қатар, миллениалдар ұрпағы азаматтық құқықтарға ие болады, бұл саяси жағдайға да әсер етуі мүмкін.

Отандық саясаттанушылар өздерінің Телеграм-арналарында алдағы сайлау науқанының ерекшеліктерін сипаттап, болжам жасауға тырысты.

Санға қарағанда сапа маңызды ма?

Саясаттанушы Оразғали Селтеев жағдайға басқа жағынан қарайды. Оның айтуынша

партиялар арасындағы мандат пайызы соншалықты маңызды емес

Мемлекет жастармен жұмыс істемесе, оларға басқалар назар аударады — Сұлтанов

— Биліктің өкілетті органдары жаңарады деп күтеміз. Мәжіліс пен мәслихаттарға деген қоғамдық сенімді арттыру үшін жаңа кадрлардың көптеп келуі заңдылық. Азаматтар «ескі» адамдардан шаршады, — деді ол.

Сондықтан саясаттағы ұрпақтардың табиғи түрде өзгеретіні сөзсіз

—Алдағы аса күрделі 5 жылдық кезеңді ескерсек

қазірдің өзінде елдің саяси өміріне атсалысқысы келетін жастардың тілегін қанағаттандыруымыз керек

Бұл трендтің күші жақын арада анығырақ сезіледі, — деп атап өтті ол.

Селтеев сондай-ақ парламенттік оппозиция институтын бекіту сияқты жаңашылдықты атап өтті. Енді барлық партиялар малатаның жұмысына әсер етуге мүмкіндік алады.

Алда ақпараттық соғыстың жаңа кезеңі басталады, кейбіреулер жапа шегеді — Қалиев

— Яғни, билікте үлесі аз партиялардың депутаттық сауалдар жолдап,  атқарушы билікке қатысты фрагменттік сын-тегеурін білдіріп қана отыратын кезең аяқталады, — деп түсіндірді Селтеев.

Үшіншіден, ол заңнамалық бастама мәжілісте шоғырлануы тиіс деп есептейді, сонда «соңғысының бақылаушы рөлі артады».

— Туындаған проблемалар мен сәйкессіздіктерді шешетін және реттейтін заңнамаға уақытылы түзетулер енгізу маңызды. Ол үшін Парламентте қоғамдағы топтардың өкіл болуын, сондай-ақ

өмірдің әртүрлі салаларында қабылданған заң жобаларының салдарын бағалауға қабілетті мамандардың да қатысуын

қамтамасыз ету керек — деп атап өтті ол.

Партиялардың белсенділігі артты

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев жұмыс істеп тұрған үш парламенттік партияға — Nur Otan, «Ақ жол» және ҚКХП-ға жеңіп шығады деген сенімде.

— Nur Otan-тұрақтылық пен келісімнің бағытын бейнелейтін центристік партия және Назарбаев партиясы. Қазіргі жағдайда, көршілердің тәжірибесін ескерсек, бұл құндылықтар біздің қоғамға өте қажет.

Ашық праймериз науқаны Nur Otan-ның кандидаттық корпусты жаңартуға тырысатынын, пікірталас өткізуде тәжірибе жинақтағанын және ашық науқанға дайын екенін көрсетті. «Ақ жол» мен ҚКХП соңғы жылдары үлкен белсенділік танытып, өз электоратымен жұмыс істеп,  және барлық алаңда өз позицияларын ұсынды, — деп атап өтті ол.

Әшімбаевтың пікірінше, қалған партиялар («Ауыл», «Бірлік» ЖСДП) өздерін көрсете алмады.

Сайлау науқанына дайындалатын уақыты жеткілікті болды, бірақ оны пайдаланбады

Заңнамадағы өзгерістерге қарап-ақ белсенді жұмыс істеуге болар еді.

— Жаңа партияларды тіркеуді жеңілдететін нормалар қабылданды. Парламенттік оппозицияның мәртебесі туралы Заңға өзгерістер енгізілді, — дейді сарапшы.

Әшімбаев алдағы сайлаудың ерекшелігі туралы айтты. Партиялар әйелдер мен жастар үшін квотала бөлу туралы тапсырманы орындайды.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанның жаңа тарихында мерзімінен бұрын немесе жоспарлы сайлаудың қайсысының көп болғанын есептеді.

— 1994 жылы Жоғарғы Кеңес сайлауы, 2007, 2012 және 2016 жылдары Мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын өткізілді, 1995, 1999, 2004 жылдардағы мәжіліс сайлауы және барлық Сенат сайлауы жоспарға сәйкес болды.  1991, 1999, 2011, 2015, 2019 президент сайлауы мерзімінен бұрын өтті, 2005 жылғысы жжоспарлы болды. Парламенттік сайлаудың көбі тұрақты болды. Негізінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуде  «трагедия» жоқ:

салыстырмалы түрде аз уақыт қалғанда мерзімінен тыс сайлау өткізілді және әлемдік тәжірибеде әдеттегідей билік ыңғайлы сәтті таңдады,

— деп атап өтті ол.

Қазір саясаткерлердің ынтасы болса болғаны

Саясаттанушы Талғат Қалиев Парламенттің төменгі палатасының жақында таратылуы және кезектен тыс сайлау туралы тұрақты болжамдар жасалғанын еске салды. Бірақ олар орындалмады және сайлау конституциялық мерзімінде өтеді. Бұл сапалы сайлау науқанын қамтамасыз етуі керек.

— 81 күн бұрын сайлау болатынын жариялау және оларды күнтізбелік мерзімде өткізу өте маңызды. Осы кезеңде

кез келген партия толық ауқымды сайлау науқанын өткізу үшін ресурстарын барынша жұмылдыруға және осы жеткілікті кезеңді барлық жағынан пайдалана алады

. Осы айларда, тіпті қатаң карантиндік шектеулер енгізілсе де, әр сайлаушының көңілін ауларуға болады, —  деп атап өтті ол

Қалиев сайлау науқаны шынымен қызықты болуы мүмкін деп санайды. Ол «азаматтық белсенділіктің өсуін, тәуелсіз бақылаушылар санының өсуін, жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығы» артады деп болжайды.

— Nur Otan өзінің праймеризін өткізіп, партиялық тізімдерге әлеуетті үміткерлерді іріктеп алды,«Ақ жол» әзірше өткір мәлімдемелермен және өзекті тақырыптарды пайдалану әрекеттерімен ақпараттық қолдауға кірісті, коммунистер танымал блогерлер арқылы желілік кеңістікті жаулап алуға тырысуда, — деп атап өтті Қалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз