Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алда ақпараттық соғыстың жаңа кезеңі басталады, кейбіреулер жапа шегеді — Қалиев

384
Талғат Қалиев. Әлеуметтік желіден алнған сурет

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Мәжіліске жаңа депутаттар сайлайды. Сарапшылар бұған дейін болжағандай, негізгі күрес жұмыс істеп тұрған парламенттік партиялар — Nur Otan, «Ақ Жол» және ҚКХП арасында өрістейді. Ешқандай «күтпеген» жаңалықтар жоқ сияқты. Алайда…

Қызығушылық артқан сәт

«Алдағы сайлау науқанында ақпараттық белсенділік артады. Оның ішінде әдеттегідей табиғи себептермен емес, субъективті факторлармен, дәлірек айтқанда, тапсырыс бойынша өршуі мүмкін», — деп жазды саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің телеграм-арнасында.

Сарапшының айтуынша,

бірінші кезекте Nur Otan билік партиясы, оның менеджменті және ең танымал мүшелері ақпараттық шабуыл объектілеріне айналады

Шабуыл нысанына келесі тұлғалар алынуы мүмкін дейді:

  • Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ол екінші толқын бола қалса шектеулер енгізуі керек. Ірі және орта бизнеске миллиардтаған шығын әкелері сөзсіз;
  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның  жаңа құрылымның басшылығына келуі жүйенің теңгерімін бұзып, саяси Олимпте күштердің қайта конфигурациясы процесін тудырады;
  • дөңгелектерге және өздігінен жүретін техникаға салынатын пайдалану алымын енгізуді екі жылға кейінге қалдыру бойынша Eurasia Group (Қазақстандағы John Deere дистрибьюторы) қысымына қарсы тұрған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов;
  • бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин. 
  • Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Жоғары білім саласында белсенді түрде тәртіп орнатуға тырысуы себеп болуы мүмкін.

Ақылға қонымды сұрақ туындайды: егер 2021 жылғы сайлау науқанына бұрынғы саяси күштер қатысатын болса, онда саясаткерлерге қарсы шабуылға кімдер «тапсырыс береді»?

Миллениалдар үшін күрес

— Біріншіден, оппозицияны ешкім жоққа шығармайды, — дейді саясаттанушы. — Екіншіден,  сыни наразылықтар немесе немқұрайлы массаларды дұрыс арнаға бағыттау мақсатында

партиялар басқа партиялардың жақтаушылары үшін емес,  күмәнданатындар немесе дауыс беруді жоспарламайтындар үшін бәсекелесуге мәжбүр болады

Олар сайлау нәтижелерінде шешуші рөл атқаратын маңызды массаға айналуы мүмкін.

— Егер оппозиция туралы айтатын болсақ, онда қазір кім бар? Қазіргі парламенттік партиялармен нақты кім бәсекелесе алады?

— Билеуші емес партияның барлығын оппозиция деуге болады. Негізгі фракцияларды құрмайтын, сәйкесінше үкіметтің қалыптасуына әсер етпейтін және премьер-министрдің кандидатурасын анықтамайтын, билікке ие емес партиялар. Олар үлкен күшке ие болуға тырысады. Сондықтан бүгінде барлық басқа саяси партияларды Nur Otan-ға қарсы оппозиция деуге болады.

— Олар Мәжілістегі фракцияны кеңейту үшін күреседі ме?

— Иә. Бірінші кезекте мен олардың орнында жастарға баса назар аударар едім.

18-20 жас аралығындағы қазіргі миллениал ұрпағының қалауын ешкім білмейді. Бірақ олар ең белсенді және мобильді болуы мүмкін

Бұл азаматтық белсенділік деңгейі жоғары адамдар. Шетелдік зерттеушілердің көбі жастардың алдыңғы ұрпақтарын бейқам және енжар деп атайды.

Күн тәртібінде қоғамдық мәселелер

— Бұл 18-20 жастағы сайлаушылардың санаты, өткен сайлауда оларға ешкім аса назар аударған жоқ па?

— Ұрпақтар теориясы бойынша олардың әрқайсысының өзіндік сипаттамалары бар. Бұрынғы пассивті ұрпақ жайлылыққа көбірек ұмтылды, олар бейімделуді біледі. Ал миллениалдар ұрпағы өзі туралы аз ойлайды. Назар аударсақ, олар экологияның негізгі идеологиялық қорғаушылары. Грета Тунберг-тің өзі — миллениалдардың жарқын өкілі.

Беларуссияның ең белсенді блогерлері жастардың жаңа буынының өкілдері.

Олар жеке табысқа емес, қоғамдағы өз орнын табуға баса назар аударады

Оларға елдің даму траекториясы, саяси мәселелер өте маңызды. Олар өздерінің алдындағы ұрпаққа қарағанда белсендірек сайлаушылар болады.

— Бұндай жағдайда сайлаушы жастар үшін күрес пен көрнекті саясаткерлердің ықтимал ақпараттық тапсырыстары арасында қандай байланыс бар? Студенттерді ондаған университеттерді жапқан білім министріне қарсы айла-шарғы жасау  үшін қолдану туралы айтатын болсақ, түсінікті болар еді. Ал техникаға салынатын пайдалану алымының  электоралдық массаларымен байланысы неде?

— Салыстырмалы түрде айтқанда, табиғи ақпараттық белсенділік бар. Яғни орынды сын айтылады. Мәселен, жаз бойы Үкімет пен денсаулық сақтау жүйесі COVID-19-дың өршуіне және денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіз әрекеттері басты назарда болды. Сондықтан оған қатысты қарсы пікірлер орынды болды.

Бірақ мен сайлау кезеңінде  жасанды сын болады деп күтемін. Саясаткерлерге қарсы тапсырыспен ақпараттық шабуыл жасалуы мүмкін.

Ақша жоқ, шыдамды болыңдар!

Асхат Аймағамбетовттің тарапына жасалатын ықтимал жаңа ақпараттық шабуыл министрлік жабатын ЖОО студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғаумен байланысты болуы екіталай. Оның артында осы жоғары оқу орындарының иелері тұрады. Сондай-ақ студенттер бұған мүдделі емес.

Бұл ықтимал контурлар ғана. Жасырын, эпизодтық, топ аралық және топішілік контурлар да болуы мүмкін.

Себебі айдан анық, бюджеттік шығысты, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың штатын қысқарту жағдайында әркі орнын сақтап қалу үшін күреседі

Саяси күштер өзара қарым-қатынасты анықтап жатқанда, сайлаушылар партиялардың күн тәртібіне назар аударады. Менің ойымша, жастар электоратының арасында қарсы дауыс берушілерге қарағанда, қолдаушылар көбірек болады. Миллениалдарға позитивистік көзқарас тән. Біздің партияларымыз басқалардан түбегейлі ерекшеленетін  күн тәртібін ұсынбайды, бұл олардың басты проблемасы.

Біз парламенттік партияларымыздың тыныс-тіршілігін білеміз. Олар электораттың назарын аудару  үшін не істеу керек?

— Біріншіден, негізгі салаларды дамытудың нақты және біржақты траекторияларын және

популизм секілді көрінбеуі үшін нақты есептеулер ұсыну керек

Мысалы, ауруханалар мен мектептер салу, дәрігерлер мен мұғалімдерді оқыту туралы айтатын болса, сайлаушыларғаға объективті және қол жетімді сандарды ұсынған жөн. Барлығын бір күнде жасаймыз деген даурықпа ұрандарға жол бермеу керек. Электорат билікте демагогтар емес, кәсіпқойлар отырғанын түсінуі тиіс. Яғни сөзі мен  іс-әрекеті сәйкес келуі керек.

Нағыз сыналатын уақыт

— Бюджеттің қазіргі мүмкіндіктерін ескерсек, партиялар өздерінің күн тәртібін іске асыра ала ма? Маңызды жобалардың шығыны да үлкен болады емес пе?

— Әрине. Мұның бәрі парламент қабылдайтын заңдарға байланысты. Егер ол

  • елдің инвестициялық тартымдылығын;
  • сыбайлас жемқорлықты түбегейлі төмендеуін;
  • кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы режим және ашық ойын ережелерін

қамтамасыз етіп, «жерді шаруаларға, ал зауыттар жұмысшыларға қайтарса», бәріне ақша жетеді. Ел заң шығарудың жаңа мәдениеті қалыптасады деп сенеді. Барлық ірі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп берілгенін қалайды.

Сайлауға екі айдан астам уақыт қалды. Дайындалуға уақыт жете ме?

— Сайлаудан сайлауға дейін өмір сүрудің қажеті жоқ. Интерэлекторальды кезең — күш жинайтын маңызды кезең.

Сайлау —  партияларға жақсы стресс-тест болады. Бұл спортшыларға арналған Олимпиада ойындары сияқты

Олар төрт жыл бойы жанқиярлықпен жұмыс істеген жағдайда ғана керемет нәтиже көрсетеді. Партиялар да солай етуі керек.

— Иә, бірақ олар өз деңгейңнде жұмыс істеді ме?

— Барлығын сайлау көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз