Осындай тілек білдірушілер көп. Олар ислам радикалдарынан бастап, «түрлі-түсті революциялардың» жақтаушыларына дейін болуы мүмкін.
— Болат Қылышбайұлы, бүгінгі таңда «жастар саясаты» қалай жүргізіледі?
— Бұрын жастарды «революцияның барометрі» деп атайтын. Қазір жетістікке жеткісі келетіндер жастарға назар аударуы тиіс. Себебі олар ең радикалды, революциялық және үндеулерге құлақ асатын адамдар. Соның ішінде өзгеріс енгізу туралы үндеулерге жақсы жауап қатады. Сондықтан
жастармен жұмыс жасайтындар болашаққа инвестиция салады. Ал жұмыс істемейтіннің болашағы жоқ деуге болады
Кеңес заманында жастарды тәрбиелеу бірден бірнеше сатыдан өтті. Октябристер, пионерлер және комсомолдар. 29 жастан асқан адамды тәрбиелеудің еш мәнісі жоқ деп есептелді.
Менің ойымша, жиырма жастағы, университетті бітірген немесе әскерде қызмет етіп келген жігіттің өзі тәрбиеге көнбейді. Яғни, жетіден жиырма жасқа дейін жұмыс істеу керек. Содан кейін ол өз ақылымен өмір сүреді.
Неліктен мен сөзімді алыстан бастадым? Себебі қазір болып жатқан жағдай кейде тағарыққа тірейді. Жастарды тәрбиесімен айналысып жүргендер жеткілікті деңгейде жұмыс істеп жатқан жоқ.
Ал бірінші кезекте мұны тікелей мемлекет қолға алуы тиіс
Бұрын жас техниктер, жас туристер, пионерлер үйлері болғаны көпшіліктің есінде. Олар қазір қайда? Бүгінде Алматыда қалалық үйдің орнына қонақ үй салынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларды жақтайтынын ашық айтып, ол үшін тіпті арнайы мемлекеттік құрылымдар құрды.
Бірақ бұл реформаларға әлеуметтік қолдау көрсету керек
Оны жастар ғана қамтамасыз ете алады. Аға буын диванда жатқанды жөн көреді.
— Жастардан қалай тірек жасауға болады? Оларды «әлеуметтік пайдалы жұмысқа» қалай тартуға болады?
— Мен әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен нысандарға жүгінуді ұсынамын. Мысалы, республикалық еріктілер қозғалысын құру. «Жастардың халықтық алаңы» немесе осыған ұқсас атау қоюға болады Ең бастысы,
жастарға амбицияларын осы ұйымдарға қатысу арқылы жүзеге асыра алатындығын көрсету керек
Сонымен қатар, бұл мемлекетті басқаруға дайындықтың өзіндік формасы болады.
— Олар нақты қандай шаруамен айналысуы керек?
— Коронавирус пандемиясы кезінде қарттарға және жалпы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсету өзекті. Үйде жатып, ауырғандарға да қол ұшын беруге болады. Реформаларды қолдау үшін көшедегі іс-шараларды, флеш-мобтарды ұйымдастыру па пайдалы іс. Ең бастысы — қажетті көңіл-күй қалыптастыру.
Қазір біздің жастар енжар және ештеңеге сенбейді. Бірақ олар жеңіл болып көрінген кез келген идеяға құлақ асуға дайын. Ал бұндай идеяларды сырттағы адамдар да тастауы мүмкін ғой.
Көптеген «түрлі-түсті төңкерістерді» алайық.
Негізінен, оларға көбінесе жастар, орта буын өкілдерінің біразы шығады, жасы үлкен адамдар мүлдем жоқ деуге болады
Оның үстіне басты назар астаналарға аударылады. Осындай ірі қалаларда, әдетте, студент және оқушы жастар шоғырланады. Сонымен қатар көбісі білім алғысы келгеннен емес, ата-аналары оқуының ақасын төлегені үшін оқиды.
Ірі қалаларға жұмыс жоқ немесе болашағы жоқ депрессиялық аймақтардан келген адамдар жиналады. Барлығы бірдей астанадан жұмыс таба алмайды.
Егер шебер ұйымдастырушы табылып, ұран тастайтын болса, осындай жастар бірден құлақ асатыны сөзсіз. Нәтижесінде тағы бір «қызғылт сары революция» пайда болады.
— Қазір посткеңестік кеңістікте ешкім алдын алу шараларымен айналыспайтын сияқты. Оларды «арамшөптер» деп атайды. Өрт сөндірушілер егер бір жердің қурап тұрғанын көрсең, оған су шаш, әйтпесе өрт шығады дейді.
Мемлекет негізгі төрт функцияны жүзеге асыруы керек:
Қалғанына араласпауы керек.
Мысалы, Қытайда жастар арасында, ең алдымен, қоғамның жіктелгеніне наразы адамдар көп. Жастар тегін білім алуға мүмкіндік жоқ екенін, әлеуметтік лифтілер жоқ екенін көріп, Мао уақытын сағынышпен еске алады. Бізде де сол сияқты. Тек КСРО кезеңін аңсайды, өйткені сол кезде ғана мен айтқан бұл төрт тармақ қол жетімді болды.
Бұндай сағынышты әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері де көрсетеді
Жастар әлеуметтік әділетсіздікке өткір жауап береді. Қазір нақты бағыт-бағдар беру керек. Әлеуметтік лифтілердің, әлеуметтік құрылымда орын алуға мүмкіндік бар екенін көрсеткен жөн.
Өмірді музыкасыз елестету қиын: шоу-бизнес өкілдері қанша шығынға ұшырады?
Мұны мен жоғарыда айтқан ұйымдарда бастауға болады. Сонымен қатар жастар басқару және мемлекеттік басқару тетіктерін зерттей алады. Нәтижесінде, Тоқаев талап еткендей реформаларға әлеуметтік база ұсына аламыз, олардан мемлекет болашақ шенеуніктерді жалдай алады.
— Бұл ұйымдарды тек мемлекет құрып, қаржыландыруы керек пе?
— Әрине. Демеушілерді тартуға болар еді, бірақ олар кейін жастарды өздерінің соңынан алып кетуі мүмкін. Сондықтан жұмыстың толық мемлекеттік формасы қажет.
— Бұдан әрі жастар, әсіресе жасөспірімдер әскери атрибуттардың барлық түрлеріне — киім, қару-жарақ және т.б. қызығатынын есте ұстаған жөн. Оларға сыртқы күштер оңай әсер ете алады. Мысалы, Ресейде Жастар армиясы бар ( ресейлік ерікті балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, шамамен 2016 жылы құрылған), және бұл патриоттық тәрбиенің бір түрі. Неліктен біз ұқсас нәрсені жасай алмаймыз?
Барлық жерде скауттық қозғалыс болды және бар. Балаларды серуендеуге, тәртіпке, ұжымдық әрекеттерге және т.б. үйретеді. Көптеген адам бұл қозғалысты коллективтік білім беру мектебі ретінде қабылдайды. Яғни, қазірдің өзінде бар жұмыс тәсілдері көп.
Ең бастысы, егер жастарды пайдалы нәрсемен қызықтырмаса, оларға радикалды исламистер немесе Аблязов сияқты біреулер назар аударады. Бүгінгі күннің негізгі міндеті — жастарды мемлекетті басқаруға тарту. Өйткені бұл реформалар үшін бірдей әлеуметтік база.