Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өмірді музыкасыз елестету қиын: шоу-бизнес өкілдері қанша шығынға ұшырады?

144
Ашық көздерден алынған сурет

2020 жылдың наурыз айында Ресейдің LIVE.24 ақпараттық агенттігінің американдық өкілдігі  шоу-бизнес және кино жұлдыздарының гастрольдер мен түсірілімдердің тоқтатылуына байланысты миллиондаған долларлық шығынға ұшырағаны туралы хабарлады. Жарты жыл ішінде жағдай жақсармады.

Қазақстандық мәдени қоғамдастықтың өкілдері 16 наурыздан бастап жұмыссыз отыр. Концерттер, театр қойылымдары, мерекелердегі қойылымдар тоқтатылды. Жақында билік театр өкілдерін қуантып, 7 айлық үзілістен кейін қатаң санитарлық қауіпсіздік жағдайында театрлар ашуға рұқсат берді. Бірақ бәрі бірдей және бүкіл ел бойынша емес.

Әртістердің айтуынша, толық тыйым салынғандықтан, шоу-бизнес бәрінен ең қатаң карантинге ұшырады. Алайда, ешкім нақты шығындарды ешкім бағалай алмайды —  әртістер  шоу-бизнестің қаржылық және салықтық жағын барынша ұзақ уақыт бойы көлеңке ұстап келді. Сондықтан, мәдениет қайраткерлерінің ешқайсысы қандай да бір экономикалық шығын туралы билікпен байыпты сөйлесе алмайды және нақты сандарды бере алмайды.

Жақында музыканттардың да 42 500 теңге көлемінде табысты жоғалту бойынша жәрдемақы алғаны белгілі болды. Алайда, концерттердің тоқтауына байланысты әртістердің қанша шығынға ұшырағаны әлі белгісіз. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы барлық проблемаларды нақты пысықтаған «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қолында да мұндай деректер жоқ.

Мерекелерсіз өмір сүруге болады, бірақ қиын

— Бізде аккредиттелген Еуразиялық ивент-қауымдастық бар. Оған түрлі агенттіктер, шығармашылық ұжымдар, театрлар кіреді. Біз олармен карантин басталғаннан бері жұмыс істедік, — дейді «Атамекен»  ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев. — Олардың біртіндеп ашылуына рұқсат алу үшін, шектеулердің жеңілдетілуіне қол жеткізуге тырыстық. Әзірге бәрі сәтсіз аяқталды.

Мемлекеттік органдардың ивентика (жалпы шоу-бизнес— ред.) күте тұрады, бұл қазір елге қажет ең маңызды нәрсе емес деген ұстанымы бар. Сондықтан әзірге шектеулер жалғасуда

Әртістерге мемлекеттік қолдаудың жалпы шаралары — салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жеңілдіктер ғана. Ұлттық экономика министрлігі дәл осы сектор үшін арнайы ешнәрсе ойлап таппады.

— Мемлекет бұл көлеңкелі сала деп, асықпай отырған шығар?

— Олай емес. Мысалы, саудаға жеңілдік — бұл әлеуметтік бағыттағы мәжбүрлі шара. Халық азық-түлік, киім, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуы керек, бұл аса керек заттар. Ивентика — басқа. Адамдардың жаппай жұқтыруын болдырмау үшін офлайн режімде мерекелер мен бизнес-кездесулерді өткізу арқылы бірақ уақыт күте тұруға болады.

Егер қандай да бір отбасы немесе ұжым дәл қазір үйлену тойын немесе конференцияны өткізбесе, өмір мүлдем өзгеріп кетпейді

Расымен  бұрын осы саладан табыс тауып отырған инвент-агенттіктер қазір үлкен қиындыққа ұшырады.  Бұл той-бизнес деп аталатын бизнеске де қатысты. Салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, осыған байланысты бұрын осы қызмет көрсету секторына қызмет көрсеткен қызметкерлер де жұмыссыз қалды.

Карантин кезеңінде шоу-бизнестің кейбір өкілдері әлеуметтік желілерде сәнді көліктерін  және жасаған саяхаттар көрсетіп, оқырмандарын қуантуды жалғастырды. Алайда концерттер мен мерекелерді өткізуге тыйым салынған еді. Мемлекет ойын-сауық саласының осы бөлігінің көлеңкелі болуына байланысты көмек көрсетуден бас тартып отырған жоқ па?

— Бұл жөнінде нақты сараптама жоқ. Сондықтан мен растай да, жоққа шығара да алмаймын. Мен жеке бақылауларыма сүйненіп, қандай да бір мәлімдеме бере алмаймын.

Дамымаған нарық

Көптеген әртіс  өмір сүру қаражатынсыз қалғанын мойындап, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды. Қазақстанда шоу-бизнесті қорғайтын біреу бар ма?

— Біз әлеуметтік төлем төлеуге қатысты алғаш бастама көтергендердің қатарында болдық. Рас, біз ұсынған төлемнің көлемі жоғары еді. Әншілер қазір қалай күнін көріп жүр? Өте қиын сұрақ. Олардың қызметіне әлі де рұқсат жоқ. Бұл қызмет көрсететін персоналға да қатысты. Біз әлеуметтік төлемдерді жалпы карантин кезеңінде және бизнестің жұмыс істеп, аяққа тұрғанша  беру  қажет деп айттық. Алайда Еңбек министрлігі бұл ұсынысты қолдамады.

Біреу ивентиканың жалпы шығындарын есептеді ме?

— Әлі де локдаун жалғасуда, сондықтан нақты есептей алмаймыз.  Менің ойымша, қазір ешкім келген шығын көлемн тіпті болжаммен де айта алмайды.

—  Өте қызық, себебі рестораторлар клубы нақты соманы атады. Мысалы, карантин кезеңінде караоке-мекемелер 20 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған. Неліктен шоу-бизнес те дәл солай айта алмайды?

— Бұл қарапайым нарық емес. Статистикаға қатысты да проблемалар бар. Ивентика ішіндегі кейбір іс-әрекеттер заңдастырылмаған. Нарық сол HoReCa сияқты  жан-жақты ұйымдастырылмаған.

Мейрамхана бизнесіне тек реставраторлар клубы ғана емес, сонымен қатар бұрыннан жұмыс істейтін басқа да қауымдастықтар кіреді. Олар алынған немесе алынбаған пайда бойынша өз есебін жүргізді.

Ивентика нарығы енді ғана пысықталып келе жатыр. Мен атап өткен Еуразиялық іс-шаралар қауымдастығы да жақында және карантинге байланысты құрылды

Нарық қатысушылары өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және біріктіру қажет болғандықтан жиналды.

Ән айтсам қалай болады?.. Айта алмаймын!

Отандық шоу-бизнестің қиын кезеңді қалай өткізіп жатқаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Себебі онда әркім өзі үшін әрекет етуде.

Мысалы, қазақстандық әнші Парвиз Назаровтың продюсері Әлия Есенова концерттер мен гастрольдер тоқтағандықтан, әртіс кем дегенде 25 мың доллар жоғалтқанын айтады. Ерлі-зайыпты Назаров-Есенова шоу-бизнестің майталмандары. Сондықтан да оларға карантинде қамалған қазақстандық эстраданың барлық проблемалары белгілі деп ойладық.

Алия Есенова мен Парвиз Назаров, сурет: әлеуметтік желі

— Әлия, Қазақстанда карантин кезеңінде шоу-бизнеске келген шығындарды есептеген қандай да бір бірлестік бар ма?

— Өкінішке орай, жоқ. Карантинде бір инвент-агенттік мәдени орта өкілдері: кинотеатрлар, билет сату кассалары, продюсерлер үшін чат ұйымдастырды. Барлық талқылаулар сол жерде өтеді. Әртістердің жалпы санын ешкім білмейді. Әрқайсысы өз бетінше жүр.

Мен бір нәрсені айта аламын: карантиннің басынан бастап барлық орындаушылар жұмыссыз отыр. Алда не болары белгісіз.

—  Карантин кезеңінде шаштараздар мен маникюр шеберлері күнін көру үшін тұрақты клиенттеріне үйлерінен қызмет көрсетті. Ал әртістер қалай аман қалды? Аз да болса пайда алып келетін жасырын кештер өткізілген шығар?

— Болған да шығар, бірақ біз ондай шараларға қатыспадық. Біз өте бай адамдар ресейлік жұлдыздарды шақырып, отбасылық мерекелерді өткізгенін естідік. Бірақ бұл тағы да қауесет. Біздің барлық әртістеріміз жұмыссыз отырғаны анық.

Жақында санитарлық нормаларды сақтай отырып, театрларды ашуға рұқсат етілді. Концерт залдары туралы естігеніңіз бар ма?

— Бұл туралы әңгіме жоқ. Қыркүйек айында автокинотеатрда Парвиздің жеке автоконцертін өткіздік. Бірақ адамдар бұл форматқа үйренбейді. Ал әртістердің  жұмыс істеуіне ыңғайлы емес, дәстүрлі қол шапалақтаудың орнына олар автомобильдердің сигналдары мен фаралардың жыпылықтауын естиді. Көрермендер динамиктер арқылы музыка тыңдауға үйренбеген.

50 адамға концерт ұйымдастырамыз ба?

Карантиннің дәл ортасында Cirque du Soleil өзінің ресми сайты арқылы шоу өткізді. Біздің әртістер осындай бір нәрсе ұйымдастыруға тырысты ма?

— Біз осындай тыңдармандарға арнап осындай тегін трансляция өткіздік.

Яғни локдаун уақытында ешқандай пайда таппадыңыздар ма?

— Дұрыс айтасыз. Жазбаларды сатудан да, авторлық құқық қоғамынан да кіріс түскен жоқ. Біз «Абыроймен» жұмыс істейміз, онда екі жыл бойы сот даулары болып жатыр, Парвиз ешқандай ақша алмады. Тиісінше, басқа авторлар да солай.

Карантиннің салдары: тек Алматыдағы сұлулық салондарына айына 2,4 млрд теңге шығын келген

Қазан айында Музкафта оның 50 орынға арналған қойылымы ұйымдастырылса, қандай табыс туралы айтуға болады? Мұндай концерттер тек форманы сақтау үшін өткізіледі. Ал бұл символдық ақшадан дыбыс режиссеріне, музыканттарға және т. б. ақы төлеу керек қой.

— Шетелдегі әріптестеріңіз қалай күн көрді?

— Біз сияқты, өйткені карантинге байланысты  барлық жерде концерттер  тоқтатылды. Кейбір жерлерде әртістер ереуілге шықты, бірақ әзірге оның еш пайдасы болмады.

Айтпақшы, мамыр айында жылы мезгілдің басталуымен ресейлік және украиндық шоу-бизнес өкілдері автоконцерттерді ұйымдастырып, пайда тапты

Көптеген қонақтар келеді. Қазақстанда, өкінішке орай, ондай нәтижеге қол жеткізе алмадық. Жалпы Қазақстанды айтпағанда, Алматының һөөзінде мұндай шаралардан пайда көремедік.

— Тыңдаушылардың төлем қабілеттілігі төмендеді ме?

— Тикетон сауалнамасына сәйкес, көпшілігі инфекциядан қорқады. Басқалары  автоконцерт билетін сатып ала алмайды. Жалпы, адамдар бұл форматты түсінбейді.

— Табысынан айырылу бойынша 42 500 теңге жәрдемақы алған орындаушылардың тізімі жарияланды.  Парвиз екеуіңіз өтініш бердіңіздер ме?

— Мен өтініш бердім және алдым. Карантиннің алғашқы екі айында тіпті психологиялық тұрғыдан да қиын болды — барлық келісімшарт бұзылды. Алған ақша коммуналдық төлемді төлеуге жеткілікті болды. Парвиз өтініш бермеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз