Сұлулық индустриясы карантин кезеңінде қанша шығын келгенін есептеді.
Қазақстанның түрлі қалаларында құқық қорғау органдары мезгіл-мезгіл рұқсатсыз той өткізу немесе сұлулық салондарының астыртын қызметі туралы хабар беріп отырды.
Жұмысынан айырылған шаштараздар мен маникюр шеберлері өз үйлерінде тұрақты клиенттерін қабылдады.
Осы уақытта қарызға белшесінен батып, ақшасыз қалған салалар біртіндеп жабыла бастады.
Мысалы, Қазақстанның рестораторлар клубы локдаун кезінде тек караоке-мекемелер 20 млрд теңге шығын көргенін айтты. Елдегі ойын-сауық орындарының жартысына жуығы құлдырады. Қызмет көрсету саласындағы жағдай да мәз емес. Қазақстан Сұлулық индустриясы қауымдастығының президенті Махмұжан Тұрсын салаға келген шығын және карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейінгі түсімнің күрт төмендегені туралы айтты.
— Алматыда 3 мыңнан 3,5 мыңға дейін салон тіркелген. Ресми емес мәліметтер бойынша, тек оңтүстік астанада олардың саны 5 мыңға жуық. Ал карантинге дейін бүкіл ел бойынша бұл салада 300 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Бүгін Алматыдағы сұлулық салондарының шамамен 30-40%-ы жабылды. Дәл осындай жағдай бүкіл Қазақстан бойынша да байқалады.
— Қанша қызметкер жұмыссыз қалды және адамдар қайда барды? Отбасыларды тамақтандыру үшін қай салаға кетті?
— Бейресми мәліметтер бойынша, қызметкерлердің 20-30%-ы жұмыссыз қалды. Локдаун кезеңінде олар мамандығын ауыстыруға және қаладан кетуге мәжбүр болды, жалдап тұратын тұрғын үй ақысын төлейтін ақшалары болмады. Көбісі шағын қалалар мен ауылдарға туыстарының қолына кетті.
Карантинде ойын-сауық мекемелерінің 45%-ы тақырға отырды — рестораторлар клубы
— Салаға қанша шығын келді және карантинге дейінгі көрсеткіштерді қалыпан келтіру үшін қанша уақыт керек?
— Бір сұлулық салонында 10-15 қызметкер болады. Біздің бағалауымыз бойынша, карантиннің әр айы үшін Алматыдағы мұндай салондар 700 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табысынан айырылды.
Егер шығындарды ресми тіркелген салондар санына көбейтсек, барлығы айына 2,4 млрд теңгеден астам қаражат жоғалтқан.
Халықтың сатып алу қабілетінің төмендегендіктен, сұлулық салондары қарыздарынан құтыла алмай отыр. Бұл көптеген кәсіпорынның жабылуына әкеледі.
Дәстүрлі той және мерекелік іс-шаралар қызметіне тыйым салынуы да индустрияны шығынға батырды. Әдетте салондар көктем-жаз айналында белгілі бір қор жинап, маусымнан тыс уақытта төлемдерді төлеуге жұмсай алатын. Көбінің банкротқа ұшырауына осы тйымдар себеп болды.
— Сұлулық салондағы қандай қызмет түрлеріне сұраныс күрт төмендеді? Клиенттер қандай қызметтерден бас тартып, үнемдеуге көшті?
— Жалпы халықтың табысы төмендеді. Бұл, әрине, біздің индустрияға да әсер етті. Макияж және шаш жасау қызметтері ең көп зардап шекті, өйткені бүгінгі күнге дейін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Негізінде, клиенттер барлық қызметтерден үнемдей бастады. 2019 жылмен салыстырғанда біз жалпы индустрия бойынша түсімнің 40%-ға төмендегенін тіркедік.
Балабақшалар жасырын жұмысқа көшті: ұстаздар мен тәрбиешілер карантинге бейімделуде
— Сала қызметкерлері 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алды ма?
— Көптеген адам жәрдемақы алды, бірақ өтініштері қабылданбағандар да болды. Сұлулық индустриясы кәсіпорындарының бірлестігі ондай адамдарға көмектесіп, себептерін анықтауға тырыстық.
— Сала мемлекеттен қандай көмек алды?
— Сала мемлекеттен 42 500 мөлшеріндегі жәрдемақы мен тексеруге мораторийден басқа көмек алған жоқ.