Қазақстан азаматтары желіде ел мен мемлекеттің символына арналған флешмоб ұйымдастырды.
Акция «Мен туымды мақтан етемін» деп аталады. Спортшылар, атақты адамдар және жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтар Қазақстанның туымен түскен фото және видео жариялауда.