Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мемлекет интернеттегі еркіндікті жаншу үшін пандемияны қалай қолданады?

155
Сурет: digital.report

Freedom on the Net 2020 есебінде пандемия 65 елде интернеттегі сөз бостандығы мен құпиялылықтың төмендеуін тездеткені көрсетілген. Сондай-ақ, авторлар кейбір үкіметтер вирусты билік құрылымдарының тарапына айталытын  сынды жаншу үшін  қолданды деп айыптады. «Пандемия қоғамның сандық технологияға тәуелділігін арттырады, бірақ интернеттегі еркіндік төмендеуде, — деді Freedom House президенті Майкл Дж. Абрамовиц —

Құпиялылық пен заңның үстемдігіне кепілдік болмаса, бұл технологияларды саяси қуғын-сүргін үшін оңай пайдалануға болады»

Дағдарыс құрал ретінде

Пандемия жағдайында интернетке қосылу қажетті ақпарат пен қызметтерді алуға мүмкіндік берді. Білім беру платформаларынан бастап, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу және әлеуметтік өзара әрекеттесу порталдары да қарқынды пайдаланылды. Бірақ мемлекеттік органдар дағдарысты онлайн-еркіндікті басу үшін де қолданады.
Еріктілер Бішкекті тонаушылардан қалай қорғады

Freedom House мәліметтері бойынша, бұл тәсіл Қытайда айқын көрінді. Айтпақшы, алтыншы жыл қатарынан бұл елде интернеттегі еркіндік ең төменгі деңгейде деп көрсетіліп жүр.

Уханьда коронавирус басталғаннан кейін Қытай интернетті бақылау үшін барлық құралдарын пайдаланды. Сандық бақылаудан автоматты цензураға дейін енгізілді.

Тәжірибе көрсеткендей,

бұл бейресми ақпарат пен үкіметтің атына сын айтуға тыйым қоюға мүмкіндік берді

Баяндамада бұл тек Қытайға тән жағдай емес делінген.

Вирустың таралуына қатысты цензура

Есепке сәйкес, Covid-19-ға қарсы теріс репортаждарды азайту мақсатында  кем дегенде 28 елде тәуелсіз репортаждарға цензура енгізілген, 45 елде сыни пікір білдірген әлеуметтік желі қолданушылары қамауға алынған.

Қазақстандықтар экологиялық таза экономика үшін ақы төлеуге дайын ба?

Қытайдың үлгісімен Бангладеш, Беларусь секілді елдердің үкіметі ресми дереккөздерге қайшы келетін мақалалар мен веб-сайттарды бұғаттады. Сондай-ақ, аккредиттеу жойылды және

ресми статистикаға қарсы шыққан журналистер ұсталды

Мысалы, Венесуэлада билік оппозиция құрған Covid-19 туралы ақпараты бар веб-сайтты бұғаттады. Журналистерді вирустың таралуы туралы интернеттегі жазбаларын жоюға мәжбүрлеген.

Дегенмен  коронавирус туралы таралған жалған ақпараттың өзі пандемия  секілді болды. Freedom House-дің мәліметінше

Таиланд, Филиппин және Әзірбайжанды қоса алғанда, кем дегенде 20 ел сөз бостандығына тым қатаң шектеулер енгізген

Орталық Азиядағы бизнес карантиннен қандай сабақ алды — сарапшылар көзқарасы

Атап айтқанда, бұл «жалған ақпараттың» жолын кесуге бағытталған жаңа заңдарда көрсетілген. Сонымен, Зимбабведе ресми ақпараттан өзгеше ақпарат таратқаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Freedom House аға технологиялар сарапшысы Элли Функ

бұл заңдардың ұзақ уақыт бойы әрекет етуі сөз бостандығына балта шабады дейді

«Адамдар қылмыстық жазаға тартылғысы келмегендіктен кейбір мәселелер туралы азырақ хабарлайтын болады. Мәселен әлеуметтік нысанды салу туралы хабарлама Үкімет тарапынан «жалған ақпарат» ретінде қарастырылуы мүмкін», — деді ол.

13 ел тіпті интернетті өшіріп, бұдан да сорақы әрекеттерге барды. Бұл халықты қараңғылықта ұстады. Мысалы, Эфиопия, Мьянма және Бангладештегі интернет байланысы мен телефон қызметтеріне енгізілген ұзақ мерзімді шектеулер тұрғындардың вирус туралы білунемесе оның таралуы туралы маңызды ақпарат алу мүмкіндігін айтарлықтай шектеді.

Дансаулығын сақтау үшін қадағалау

Коронавирустың таралуын бақылау — инфекцияны шектеудің кілті. Бірақ Freedom House пандемияға қарсы кейбір технологиялық шаралар болашақта жалпы бақылауға жол ашуы мүмкін деп ескертеді.

Есепте

кем дегенде 30 елде үкіметтер электрондық байланыс құралдары арқылы пандемияны халықты жаппай бақылау үшін қолданды делінген

Карантиннің салдары: тек Алматыдағы сұлулық салондарына айына 2,4 млрд теңге шығын келген

Пәкістанда, Шри-Ланкада және Нигерияда бұл жұмысты Ұлттық қауіпсіздік органдары мен әскери қызметкерлер атқарады.

Есепке сәйкес, контактілерді іздеу, мәжбүрлі карантин және денсаулық жағдайын бақылау бойынша смартфондарға арналған қосымшалар кем дегенде 54 елде енгізілген. Сонымен қатар, құпиялылық қорғалмаған. Мысалы, Қытайда Денсаулық сақтау және контактілерді бақылауға арналған ондаған қосымшалар жеке деректерді жинайды, билік оларға оңай қол жеткізе алады.

Контактілерді бақылау  вирустың таралуын тоқтатуда маңызды рөл атқарады. Бірақ кейбір

цифрлық мониторинг құралдары асығыс енгізілгендіктен жеке деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды

Яғни, болашақта олар үшінші қолға түспейтініне ешкім кепілдік бермейді. Сонымен қатар, билік оларды болашақта басқа мақсаттарда пайдаланбайтынына да уәде бермейді. Олар кез келген уақытта шешімін өзгертуі мүмкін деп ескертеді Freedom House.

«Тарих дағдарыс кезінде қабылданған технологиялар мен заңдардың өзгеріссіз қалатынын көрсетті», — деді технология директоры және баяндаманың бірлескен авторы Адриан Шахбаз.

«11 қыркүйектегі жағдайдағыдай, біз COVID-19-ға маңызды сәт ретінде қарайтын боламыз. Үкімет өз халқын бақылау үшін жаңа өкілеттіктерге ие болды».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз