Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еріктілер Бішкекті тонаушылардан қалай қорғады

112
Сурет: akipress.org

Тірі тізбек

Әр шеруден кейін Минскідегі наразылық білдірушілер өздерінен кейінгі қоқысты тазалап, тіпті орындықтарға аяқ киімін шешіп көтерілді. Бішкектегі жас еріктілер  солардың ізімен Ала-Тоода өткен митингіден кейін алаңды  ретке келтірді. Ерікті халық жасақтары Бішкекті тонаушылардан құтқаруға тырысты.

Еріктілер парламент ғимаратын, мәдени нысандарды және сауда үйлерін қорғап, тірі тізбек құрды

CABAR.asia талдаушысы Ермек Байсалов еріктілерді Қырғызстанның жаңа әлеуметтік феномені деп санайды. Олар еліміздің азаматтық қоғамының дамуына елеулі үлес қосуда.

Еріктілік пандемия кезінде, коронавирус жағдайында билік әлсіздік танытқан кезде бастау алды. Сарапшы қырғыз қоғамы қарқынды поляризациялануда деп есептейді.

Қала мен ауыл жастарының саяси күн тәртібінде өте үлкен айырмашылық бар

Мұны Бішкектегі сайлаудан кейінгі оқиғалар айқын көрсетті. Халық жасақтары қала нысандарын аймақтардан келген тонаушылардан қорғады.

— Жастар біртекті масса емес, онда деструктивті күш бар. Сондай-ақ жасампаз бөлігі де бар. Бүгінде жас ұрпақтың ғана емес, жалпы қоғамның да поляризациясы жүріп жатыр.

Қалалық білімді жастардың өкілдері сайлауға қатысып, люстрация, реформалар өткізгісі келді. Ал аймақтық жастардың көзқарасы басқа, олардың өз көшбасшылары да бар.

Сарапшы бүгінде қоғамда әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы алшақтық артып келе жатқанына сенімді. Бұл түсініп, дереу шешілуі тиім маңызды мәселелердің бірі.

Бішкекті тонаушылардан қалай қорғады

—  5 қазанда сайлаудан кейін Ала-Тоо алаңында еріктілер пайда болды, — дейді Ермек Байсалов. — Олар ешқандай саяси талаптары жоқ, әрі бейтарап көзқараста екенін және халыққа көмектесетіндерін жеткізді.

Бішкектегі түнгі оқиғалардан кейін еріктілер Ақ үй мен алаңды ретке келтіру үшін жиналды.  6-11 қазан аралығында түнгі уақытта тонаудың алдын алуға тырысып, халық жасақтары кезекшілік етті.

Шын мәнінде

жасақшылар сол уақытта көрінбей кеткен құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік қызметкерлерін алмастырды

Бірінші күннен бастап арнайы жилет киіп кезекшілік етті, кейінірек оларға медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен қала тұрғындары қосылды. Елордалық дәмханалар, такси жүргізушілері мен еріктілер жасақшыларға тамағы мен ыстық шайын әкеп берді.

Сарапшының айтуынша, ерікті жасақшылардың саны сағат сайын өскен. Қала алаңдарға бөлінді. Бішкектің орталығында ірі сауда орталықтары, зергерлік дүкендер және стратегиялық нысандар орналасқан. Олар астананы бүлік пен тонаушылықтан құтқарды.

— Ақ үйді алғаннан кейін, наразылық білдірушілер пайда табу үшін қаланы шарлады. Еріктілер тізбек құрып, оларға біреулердің жылдар бойы құрған ісін тонауға болмайтынын түсіндірді.

Олардың көбі саясаткерлердің ойынының құрбаны болғандарын, үкімет ғимаратын алғаннан кейін өздерін тамақсыз пен түнеусіз қалдырғанын мойындады. Еріктілер оларға өз аймақтарына оралуға көмектесті.

Бішкектегі жағдай тұрақталды, бірақ жасақшылар әлі де кезекшілік етіп жүр

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз