Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандықтар экологиялық таза экономика үшін ақы төлеуге дайын ба?

254

Кейбір сарапшылар тіпті жасыл экономиканы «АҚШ, Еуропа және Жапония технологияларын қолдау», олар үшін қомақты ақша төлеуге тура келеді деп  пікір білдіруде.

ЕАЭО ішінде де бір келісімге келе алмай отыр

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша 2020 жылға арналған ластану индексінің рейтингісі бойынша

Қазақстан әлемдегі 110 ең лас елдер тізімінде  26-шы орында

— 2020 жылы БҰҰ «БҰҰ 75: біз қалайтын болашақ, бізге қажет БҰҰ» атты зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін ұсынды. Зерттеу авторлары планетадағы адамдар неден қорқатынын білді. Негізгі қорқыныш климаттың айтарлықтай өзгеру қаупі болды (респонденттердің 49%-ы планетадағы экологиялық жағдайдың нашарлап жатқанына сенімді), — деді Полетаев.

ЕАЭО-дағы жағдайға келетін болсақ, мұнда қолға алатын мәселе жетерлік. Баяндамашы сарапшылар бірнеше рет айтқан мәселеге назар аударды. Олардың пікірінше, ЕАЭО құжаттамасында экология және «жасыл» экономика мәселелеріне көбірек орын берілуі тиіс.

Достастық елдерінде әлі басымдыққа ие болмаған маңызды экологиялық проблемалар бар

Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шартта елдер арасындағы экологиялық қатынастарды реттейтін арнайы бөлім жоқ. Есесіне ШЫҰ шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

— Қоршаған ортаның ластануы көбінесе трансшекаралық сипатқа ие, елдердің оған әсері де бірдей емес, бірақ қоршаған ортаны қорғау бойынша ортақ мемлекетаралық тәсілдер мен тиімді шараларды бірлесіп іздеген жөн. Елдердің бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы олардың экологиялық проблемаларды шешудегі рөлін күшейтеді, — деді Полетаев.

https://kaz.365info.kz/eaeo-kedergilermen-kyresip-ozderi-de-zhanasyn-engizude-sarapshylar-352259

Саясаттанушы Марат Шибутов автомобильдер мен ауылшаруашылық техникаларының қалдықтарын кәдеге жарату туралы айтып, бұл «өте даулы мәселе» деп атады.

— Мысалы, 2019 жылы Қазақстан кейбір шетелдік компанияға ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын төлемеуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Ресей бұл шара ЕАЭО шеңберіндегі интеграция мен өндірісті дамыту мүдделеріне нұқсан келтірді деп есептеді. Қазақстандық аграршылар да кәдеге жарату алымын жоюды сұрады (ол экология мен қоршаған ортаны қорғау құралы ретінде ұсынылады). Келіссөздер басталып, кейін мәселе реттелгені және Қазақстан кәдеге жарату алымын алу шарттарын теңестіретіні туралы айтылды. Алайда, содан кейін ауылшаруашылық техникасына қатысты кәдеге жарату төлемін жоюдың орнысыз деп таныды, — деді Шибутов.

Ақыр аяғында халық зардап шекті

— Сондай-ақ мынаны атап өткім келеді: «жасыл» экономиканы біздің қалтамыз көтермейді. Бағасы әлдеқайда арзан көмір электр энергиясы тұрғанда біз күн батареяларының көбірек сатылатынына кепілдік бере алмаймыз. Бұл айырмашылықты тарифтерді көтеру есебінен жабу қиын болады, — деп қосты Шибұтов.

Оған Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев қолдау көрсетті.

— Бізге ұсынылатын экологиялық модель  байларға арналған. Әрқашан біз оның құнын төлеуге дайынбыз ба деген сұрақ туындайды. Бүгінде Қазақстанда көптеген адам Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру мәселесін талқылауда. Оның ақысын да сіз бен біз төлейміз. Экологиялық идеологияның қысымына ұшыраған халық,

біраз уақыттан кейін қазіргі сомалармен салыстырғанда астрономиялық жоғары шоттар  келеді деп ойламайды

Қазір, мәселен, жылыту қызметінің есебінен қысқы кезеңде   ТКШ  қызметтерін төлеу шоттары едәуір ұлғаяды. Ал газға көшсек не болады? Сондықтан бұнда жағдайы төмендер мен ауқаттыларға  арналған тұжырымдаманы ескеру керек, — деді Бурнашев.

Шибутовтың ойынша,  «жасыл экономика» деген дәлірек айтқанда

шын мәнінде өз өндірушілерімізге зиян келтіретін Еуропа, АҚШ және Жапония технологияларын қолдану

— Елдің мүмкіндіктеріне қарай таңдау жасайтын кез келді. Менің ойымша, біз өз жолымызды таңдауымыз керек. Дамыған елдер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсететін жалпы әлемдік трендтер мен стандарттарға бейімделмей, біздің табиғатымызға не қажет екенін көруіміз керек. Өйткені, Қазақстан үшін олар мүлдем өзекті болмауы мүмкін, — деді ол.

Экологиялық саясаттың барлығы ресурстарды қолдануға келіп тіреледі

Әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова экология және өмір сапасы мәселелеріне арналған бірнеше сауалнаманың қорытындыларымен бөлісті. Олардың бірі жақында отандастарымыздың қатысуымен өтті.

— Тиісті стандарттар әлі жазылмаған екен. Сондықтан біреу үшін экологиялық таза өмір сүру – бұталарға барып, өзеннен су ішу. Ал біреулер көлік мәдениеті, басқа да урбанистік тартымдылығы жоғары ірі қалада өмір сүргісі келеді және ауа сапасы, қоқысты жинау кезінде сұрыптау және т.б. тұрғысынан экологиялық стандарттардың қалыптасқанын қалайды, — деді Илеуова.

Тағы бір сауалнама 2018 жылы жүргізілді. Ол кезде «экология тақырыбы бар, бірақ респонденттер оны тәуекел тұрғысынан жеткілікті бағаламайтыны» деп анықталды.

— Мысалы,

екі жыл бұрын лас өндірістерді Қытайдан Қазақстанға көшіру туралы жиі айтылды,

бүгінгі таңда мүлдем басқа ақпараттық мәселе көтеріледі. Мезгіл-мезгіл трансшекаралық өзендерде судың жетіспеушілігі тақырыбы көтеріліп, кейде шиеленісіп, кейде ұмытылып қалады. ЕАЭО шеңберінде экологиялық мәселелерді жиі көтеріп,  оларды адамдарға барынша жақын ету керек. Соның арқасында қарапайым халық елдер арасындағы ынтымақтастықтың не үшін нығайып келе жатқанын түсінуі керек, — деп атап өтті Илеуова.

Саясаттанушы Антон Морозов ЕАЭО-ның экологиялық проблемаларды тез шеше алатынына күмән келтіреді. Біріншіден, біз «экология мәселелері әрдайым басым бола бермейтін» Қытаймен көршілеспіз. Үндістан достастықпен шектеспесе де, континенттің экологиясынаөз үлесін қосуда.

ЕАЭО ішінде де бәрі  ойдағыдай  емес.

— Экологиялық саясат үш компоненттен тұрады: табиғи ресурстарды пайдалану, олардың көбеюі және қоршаған ортаны қорғау.

ЕАЭО елдерінде ағымдағы саясаттың барлық күш-жігері бірінші тармаққа, ресурстарды пайдалануда шоғырланған

Тіпті Армения, Беларусь және Қырғызстанда да ресурстар аз. Қорғау және көбейту мәселелері екінші орында, оларға қалдық принципі бойынша назар аударады, —деді Морозов.

Концепцияда, ақша да жоқ

Ол экономика мен экологияның дамуында өзара қарама-қайшы мәселелер бар дейді. Мысалы, ауыл шаруашылығы экологияға теріс әсер етеді және т.б.

— Сонымен қатар, экология мәселелері азаматтардың әл-ауқаты мәселелерімен тығыз байланысты.

Адам экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зардап шеккен кезде, ол қоршаған ортаның тазалығына алаңдамайды,

— деді Морозов.

Рустам Бурнашев

 экология туралы сөз қозғалғанда ол мүлдем белгісіз ұғым ретінде айтылады

Кейбіреулер биологиялық компонентті, басқалары энергияны және т.б. сөз қылады. Тұтас модель, тұжырымдама ретінде қарастырылмайды.

Сонымен қатар, ол

экологиялық мәселелерде технологиялық аспектілерді көбірек талқылау қажет,

деп есептейді.

— Қазақстанға трансшекаралық сипаттағы техногендік қауіп-қатерлерден қорғау мәселесі экология және «жасыл» экономика туралы жалпы ойлардан гөрі аса маңызды.

2020 жылдың мамыр айында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуын мысалға алуға болады. Сол кезде Қазақстанның оңтүстігін су басты. Жалпы алғанда, Өзбекстан ештеңе төлей алмады, өйткені ешқандай келісім, реттеу жоқ.

Тұтас бір ауданды су басты,  бірақ іш жүзіне келгенде ешкім оған жауапты емес

Біз мұндай аспектілерге ерекше назар аударуымыз керек, — деді Бурнашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз