Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

800 мың теңгенің орнына 14 мың: тұтынушылар билет ақшасын қалай қайтарды?

Алайда бірнеше күннен кейін отбасылық жағдайға байланысты той өтпей қалды. Жолаушылар ұшудан бас тартып, билеттерді қайтаруға өтініш берген, бұл ретте олар мұны ұшуға 37 күн қалғанда, яғни алдын ала жасаған.

«Азаматтар қаражат толық көлемде немесе әуе тасымалы шарттарында көзделген ең аз ұстап қалумен қайтарылады деп үміттенген», – деп хабарлады комитеттегілер.

Бірақ толық соманың орнына сатып алушыларға небәрі 14 840 теңге қайтарылған, бұл әр билет үшін бар болғаны 927,5 теңгеден келеді.

Мұндай сомамен келіспеген Жетісу тұрғындары облыстық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгінді. Департамент істің мән-жайын зерттеп, өтініш берушілерге келесідей көмек көрсетті:

  • тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнама нормаларын түсіндіру;
  • сатушы компания мен әуе тасымалдаушының атына қаражатты толық көлемде қайтару талабымен сотқа дейінгі шағым дайындауға жәрдемдесу.

Дау билет сатып алушылардың пайдасына шешілді.

«Шағым түсіп, департамент араласқаннан кейін дау сотқа дейінгі тәртіппен реттелді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде тұтынушыларға 765 248 теңге көлеміндегі қаражат толықтай қайтарылды», – деп атап өтті комитеттегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз