Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Лукошенко Қазақстандағы ауылдарды қалай құтқаруға болатынын көрсетті — сарапшы

358

Сенатор Ольга Перепечина премьер-министр Асқар Маминге ауыл әкімдерінің қолы жіпсіз байланғанын жеткізді. Оның айтуынша,

  • жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің теңгерімсіздігі,
  • ауылдық округтердің бюджеттерін келісу және бекіту ұзақтығы,
  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі,
  • сапалы интернет-байланыстың болмауы,
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларын интеграциялау,
  • Қазынашылық-Клиент “ақпараттық жүйесінің жұмысымен»,
  • қаржылық дербестік қағидатына қатысты мәселелер бар.

Сенатордың айтуынша, ауылдық аумақтарды қаржылай қамтамасыз ету 19 бағыттың 4-уі бойынша ғана жүргізілуде

Ал шығыстардың осы 4-бабы аудандық бюджеттен қаржыландырылмайды. Яғни

іс жүзінде ауыл әкімдері шешім қабылдауға ешқандай әсер етпейді

«Бұл әсіресе, халқының саны 2 мыңнан кем ауылдық округтерде кеңінен таралған жағдай, — деп есептейді Ольга Перепечина. — Ал бізде бұндай 1301 ауыл бар немесе елдегі округтердің 56%-ы. Мәселен, еліміздің солтүстік өңірлерінің бірінде 2020 жылға арналған Төртінші деңгейдегі нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі шамамен 15 млрд теңге болған кезде республикалық және облыстық бюджеттерден түсетін түсімдер бюджеттің жалпы көлемінің 90,8%-ын, ал меншікті кіріс тек 7,9%-ын құрайды».

Ешқандай қалдық принципі деген жоқ

Қаржы ағындарының мұндай арақатынасы ауыл әкімдерінің әлсіздігін және аудандардағы экономиканың қаншалықты әлсіз екенін көрсетеді. Ауылды депрессиядан қалай шығаруға болады?

Экономика ғылымдарының докторы, АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Алтынбек Молдашев тоқыраған ауылдарды қайта құруға 10 трлн теңге жұмсау керек дейді. Әңгіме барысында нақты қалай жұмсауға болатынын түсіндірді.

— Алтынбек Бәкірұлы, Сенат депутаты Ольга Перепечина  ауыл әкімдіктерінің экономикалық жағдайына премьер-министрдің назарын аударды. Оларды қалдық принципі бойынша қаржыландыруға болмайды деп мәлімдеді. Сіз бұл ауылдық аумақтардың басты мәселесі деген пікірге келісесіз бе?

— Депутаттың айтқаны дұрыс. Шынында да, ауылдағы жағдай көңілсіз. Үлкен инвестициялар жоқ, бизнес негізінен шағын және орта, ауыл тұрғындары негізінен әкімшілік деңгейдегі бюджеттік субсидиялардың есебінен өмір сүреді.

Мемлекеттік қолдауға келетін болсақ, жоспарлар мен есептерде көрсетілетін қаржы сомасы өте төмен. Бұл фермерлерді кеңейтуге және дамытуға ынталандырмайды. Айтып өткенімдей,

егер  қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру тәжірибесі жалғасатын болса, ешқандай мемлекеттік бағдарлама ауылдық жерлердің әлеуметтік тартымдылығын арттырмайды

Менің ғалым әріптестерім және соның ішінде мен де бұл жағдайда мәселені фермер шаруаларын  ірілендіру арқылы ғана шешуге болады де есептейміз. Ірі инвесторлар мен банктер ұсақ тауар өндірушілерге сенбейді. Сондықтан шаруасын кеңейту, дамыту үшін несие алғысы келсе, оларға орындалуы мүмкін емес талаптар қойылады. Бұл әсіресе мүлік кепілдігіне байланысты. Жер, еңбек және қаржы ресурстарын кооперацияға біріктіретін болса табыс таба бастар еді.

Инфрақұрылым болмаса, ақша да болмайды

— Ауылдық әкімдіктерде әдетте бірнеше адам жұмыс істейді. Оларға үлкен міндеттер жүктелген. Жақында мемлекеттік аппарат штаты 25%-ға қысқарады. Бұл ауыл тұрғындарына да қатысты. Қалай ойлайсыз, бұндай жұмыс бағыты қаншалықты орынды?

— Сондай-ақ, бұл қызметкерлер жеке сектор мен мемлекет тарапынан қандай да бір қосымша қаржылық қолдаусыз ауыл өмірін қазіргі деңгейде ұстап тұр. Олар аудандық бюджеттің бергенін ғана жұмсайды. Шалғай ауылдардың қайсысында ірі өндірістер мен қызмет көрсететін компаниялар бар? Ешбірінде жоқ және болмайды да, өйткені онда өндіріске инфрақұрылым қажет. Мұндай жағдайда әкім жол жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға және су құбырын салуға қаражатты қайдан алады?

Ғалымдар да, кейбір бизнес өкілдері де инвестиция салуға  «ешнәрсе жоқ, бос алаңдар» кедергі болатын фактор екенін айтты

Оны жеке инвестициялар есебінен ғана табысты агроқалашыққа айналдыру мүмкін емес, тым қымбат.

Ауыл шаруашылығы мен ауыл халқынсыз ел экономикасында серпіліс жасау мүмкін емес

Ауылдық әкімдіктер персоналының қандай да бір қысқартылуы туралы сөз болмауы тиіс. Керісінше, оларды тәжірибелі қалалық кадрлар есебінен нығайту қажет. Әрине, бұндай мардымсыз қаржыландырумен бұған қол жеткізе алмаймыз.

Біз ауылдың кедейлігі мен  өркениет игілігінен алыстығы туралы үнемі айтып отырамыз. Ал олар бүкіл ел халқының 43%-ын құрайды

Осыдан депрессиялық көңіл-күй пайда болып, «ауыл-қала» бағытындағы ішкі көші-қон ағыны артады.

Жас мамандарды ешкім күтіп отырған жоқ

— Шенеуніктердің қайсысы үнемі ақшасы жоқ ауыл әкімдігіне жұмыс істеуге барады?

— Ауылдың әл-ауқатын күшті әкімдіктерді қалыптастыру арқылы ғана қалпына келтіруге болады.

Ауылдардың басым бөлігінде халық санының аз болғандықтан, ондағы әлеуметтік және экономикалық өмір батыс елдерінің үлгісі бойынша мықты кәсіпорындардың есебінен көтерілуі керек. Біздің жағдайда бұған ауылшаруашылық кооперативтері көмектеседі. Ал билік тәртіпті қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды дамытады.

Бұл тандем біріншіден, ауыл тұрғындарына әлеуметтік кепілдіктер беріп, ауылдан тыс жерлерге шықпай-ақ кепілдендірілген табыс табуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарын бітірген жас кадрларды тарту орталығына айналады. Қазір шағын ауыл шаруашылықтарының көпшілігіне зоотехниктер, ветеринарлар, өсімдік өсірушілер мен көкөніс өсірушілер қажет емес. Бұлай болса университет түлектері қайда орналасады?

Белорусьтік агроқалашықтар

— Депутат көтерген ауылдық бюджеттерді қаржыландыруға қатысты не айтасыз?

Облыс әкімшіліктерінің алдына нақты міндеттер қойсын. Олар қаржыны өз аймағына өз қалауы бойынша бөледі. Неліктен депрессияға ұшыраған халқы аз қоныстанған пункттердің саны өсуде? Себебі аймақтық шенеуніктер 300 үйден тұратын ауылдарға инфрақұрылымдық мәселелерге ақша жұмсауды пайдасыз деп санайды.

Мен ҒЗИ директоры болған уақытта 5 рет Белоруське сәтті агроқалашықтар салу тәжірибесін зерттеуге бардым.

Біріншіден, белорустар қазіргі жетістіктеріне Президенттің саяси ерік-жігерінің арқасында қол жеткізді. Бұл тапсырманы ол өзі бақылауда ұстады. Барлығы 1,5 мың агроқалашықты орналастырды жоспарлаған. Қазір мыңын нақты орналастырды.

Белорусьтің Гродненский облысындағы агроқала, сурет: osh.by

Бұлар сапалы медициналық көмек, балабақшалар, мектептер және қала құраушы ауыл шаруашылық кәсіпорындары бар шағын ауылдық пункттер. Беларусь агроқалашықтарында тұрғын үй әр кәсіпорынның жыл сайынғы жоспарын орындау принципі бойынша салынды. Бірнеше жыл ішінде жергілікті тұрғындар өте ыңғайлы заманауи коттедждер мен тұрақты табыс алды. Шынымды айтсам, бұл беларуссиялық агроқалашықтар біздің көптеген аудан орталықтарына қарағанда жақсы көрінеді.

— Осы тәжірибені зерттеген болсақ, оны қолдануға не кедергі болады?

— Ауыл шаруашылығы бойынша жобаларды іске асыруда бірізділік жоқ. Көптеген мәселе көтеріледі, бірақ нәтиже жоқ. Біз түрлі ұзақ мерзімді кезеңдерде ауылдық аумақтарды дамыту үшін шамамен 10 трлн теңге қажет деп есептедік.

Бірізділік жоқ

– Маман ретінде сіз «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуына қандай баға бересіз?

— Қазіргі жүзеге асырылуына қарап, көп нәрсенің орындалуына күмәнмен қараймын. 2019 жылдың желтоқсанында 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөлінетіні туралы айтылды. Түркістан облысы – 4,4 млрд теңге, Алматы облысы — 3 млрд теңге, тағы 6 облысқа 1 млрд теңгеден бөлінеді.

Қазіргі ауыр құлдырау жағдайында бұл неге жетеді? Тіпті қаржылық қамтамасыз етусіз 10 мықты бағдарлама да тиісті нәтиже бермейді

2004 жылдан 2010 жылға дейін ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы болғанын еске түсіріңіз. Қабылданғаннан кейінгі бірінші жылы шенеуніктер шу көтерген еді. Қазір ол туралы не естіледі? Нақты нәтижесі қайда?

— 1 қыркүйектегі Жолдауда президент бұл мәселені тағы көтерді. Тіпті АӨК-ті дамытудың Ұлттық жоспары да болады.

– Жоспарды қалағанша қағазға түсіруге болады. Бірақ қажеттілік пен нақты қаржылық жоспарлау бойынша әрекет ету керек. Шенеуніктер белгілі бір аймақтардың нақты қажеттіліктерін қалай анықтайды? Олардың әлеуеті жете ме? Ең соңында олар бүкіл бір аймаққа миллиард теңге ғана бөледі. Алғашқы қадамдар дұрыс болғандықтан, нәтижесі де нашар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз