Сооронбай Жээнбеков пен Қырғызстанның басқа да лауазымды тұлғаларын елдегі эпидемиологиялық жағдай үшін жауапкершілікке тартпақ.
«13 шілдеде азаматша Раушан Айткуловадан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді елдегі эпидемиологиялық жағдай мен өлім-жітім көрсеткішінің артқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы арыз келіп түсті. Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелген», — делінген республиканың Бас прокуратурасының хабарламасында. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 11,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, 149 адам инфекциядан қайтыс болды, 4 995 адам емделіп шықты.