Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда карантин талаптары күшейтіледі: қандай шаралар қабылданады?

178
Сурет: primeminister.kz

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, елдер тізімі көбейтілмей, халықаралық әуе қатынасы сақталады. Өңірлер арасындағы әуе қатынасы, темір жол қатынасы сақталады (шектеулермен). Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды. Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт бойынша шектеледі. Бұқаралық, соның ішінде спорттық және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуі шектеледі. Сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуы шектеледі. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат етіледі.

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және ойын-сауық орталықтары, караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары, кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдарының қызметі уақытша тоқтатылады.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істейді.

Медициналық орындар алдын ала жазылу тәртібі бойынша жұмыс жасайды. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мынадай нысандардың қызметі сақталады: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеле отырып).

Хабарламада аталған карантин шектеулер эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2 аптаға ұзаруы немесе күшейтілуі мүмкін екені айтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз