Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.