Тілдік жағдай туралы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпова пікір білдірді.
Әрине, қазақ тілінің дамуы саласында проблемалардың бар. Дегенмен де мемлекеттің жасап жатқан ісінің нәтижесін жоққа шығаруға болмайды.
Соңғы онжылдықта жүзеге асқан бағдарламаның нәтижесі қандай болды. Мақсатты индикатор бойынша 2019 жылы халықтың 90% мемлекеттік тілді меңгеруі керек болатын.
Осындай нәтижеге қол жетті ме, жоқ па 2020 жылдың қазан айында өтететін халық санауынан кейін білеміз. Соңғы санақ 2009 жылы өткізілген еді. Оның қорытындысы бойынша
қазақстандықтардың 74%-ы ауыз екі сөйлеу тілін түсетінін, ал 62% -ы қазақ тілінде еркін жазып, оқи алатынын айтқан
Әлеуметтанушылар азаматтардың бір бөлігі өздерінің мүмкіндіктерін тым асыра бағалаған дейді. Дегенмен, санақ нәтижесі халықтың басым көпшілігі ауызекі қазақ тілін білетінін және түсінетінін көрсетті. Тек қазақтар ғана емес, басқа да этикалық топ өкілдері осындай пікір білдірді.
Алайда, нақты жағдайға келер болсақ, орыс тілінің кәсіби қызметін жоққа шығара аламймыз. Әрине, кез келген адам үшін екі тіл білу үлкен артықшылық. Бірақ
мемлекеттік тілде техникалық және арнайы әдебиеттердің тапшылығы қазақ тілінің қолдану аясының баяу кеңеюіне себеп болып отыр
Орыс тіліндегі ғылыми-техникалық әдебиет инженерлердің, дәрігерлер мен басқа да кәсіп және мамандық иелерінің арасында сұранысқа ие. Нәтижесінде тілдік саясат саласында алдымен қазақ тілінде сөздіктер құрастырып, анықтамалықтар мен басқа да арнайы әдебиет әзірлеуге көшуіміз керек.
Пайдалы әрі нәтижелі жұмыстар бар. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында 246 баспа жобасы жүзеге асырылды. 20-дан астам қазақ тіліндегі интернет-ресурстар әзірленіп, қолданылуда.
Тilalemi.kz порталы, бірегей ономастикалық қор Atau.kz, орфографиялық қор Emle.kz, терминологиялық қор Termincom.kz интернет қолданушылардың арасында сұранысқа ие.
«Жаңа гуманитарнлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқылық» жобасының маңызы зор. Бұл жобаның аясында қазіргі замандағы ең үздік 100 оқулық қазақ тіліне аударылуда. Сондай-ақ экономика және кәсіпкерлік бойынша оқулықтардың аударылуы бизнес-мектептердің МВА бағдарламасын қазақ тілінде әзірлеуіне және іске қосуына мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жалпы алғанда жоба аясында ғылыми ағартушылық термиология жүйеге келтірілді және қазақ тілінің грамматикасы біріздендірілді. Сондай-ақ жоба елде аударма ісінің дамуына себеп болды. Ұлттық аударма бюросы мен Ұлттық аударма мектебі құрылды.
Бүгінгі таңда қазақ тілінде сөйлейтін халық саны артты.
Ресми мәліметтер бойынша, республикадағы түркі тілдес халық арасында өзбектердің 95,5%-ы, ұйғырлардың 93,7%-ы, қырғыздардың 92,7%-ы қазақ тілін орташа, 12% — жоғары деңгейде меңгерген.
Славян этностарының арасында ауызекі тілдегі қазақ тілін орыстардың 25% -ы, украиндердің 21% -ы, белорусьтердің 19%-ы түсінеді. Неміс диаспоратсының 24%-ы да қарапайым сөйлеу тілін түсінетінін айтқан.
Дегенмен, мемлекеттік тілдің дамуындағы негізгі проблема ақпараттың аздығы мен сапасы әсер етіп отыр. Әсіресе, жаратылыстану, инженерлік-техникалық ғылымдар, білім беру салаларындағы тапшылық айқын байқалады.
Нәтижесінде,
қандай да бір тілдің қолдану аясын сапалы түрде дамыту бір сәтте орындалатын процесс емес, ұзақ уақыт алатынын түсіну керек