«Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова елде төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім дұрыс қабылданды деп есептейді. «Төзімдірек болып, дәрігерлердің айтқанын орындау қажет».
— Оқшаулану тиімді нәтиже көрсетуде. Соның арқасында Қазақстан аурудың таралуын тежеп отыр.
Мен адамдардың шаршағанын және көшеге шыққысы келетінін түсінемін. Алайда біздің еліміздегі эпидемия адамдардың тәртіпке бағынуына байланысты. Сондықтан мүмкіндігінше,
эпидемияның дамуын тоқтату үшін оқшаулану керек, бұл ең дұрыс жол
Салыстырмалы түрде Қытайда эпидемия желтоқсанда (бұған дейін болуы да мүмкін) басталды. Олар сол сәтте жағдайды бақылауға алғанмен, тек наурыз айында ғана оңала бастады.
Сондықтын тәжірибе жасаудың қажеті жоқ. Төтенше жағдайдан кезең-кезеңмен шығуымыз керек. Шектеу шараларын да біртіндеп тоқтатқанымыз жөн.