Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Пара берсең Алматыға кіре аласың. Мұндай карантиннің мәні неде?

1184

Алматыда коронавирусты жұқтырғандарды анықтауға байланысты жүргізілген жұмыста кемшіліктер анықталды. Сауда желілері мен халықтың қалаға және одан тыс жерлерге қоныс аударуының шектеулеріне қарамастан, азық-түлік базарлары бұрынғы авралды режимде жұмыс істеуін жалғастыруда. Онда, анықталып отырғандай, ешқандай санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша  шаралары қабылданбаған? Базарлардың әкімшілігіне эпидемияға қарсы іс-шаралар жұргізу үшін мемлекеттен тарапынан қолдау берілмеген.

Жаһанға жар салып істеген жұмыстың шын мәніндегі көлемі қандай?

— Алматыда 16 мамандандырылған азық-түлік базары жұмыс істейді, — дейді Алматы сауда кәсіпорындары кәсіподағының төрағасы Жібек Әжібаева. — Бұған қоса әмбебап нарықтарда азық-түлік қатарлары да жұмыс істеп тұр. Қалада карантин енгізілгеннен кейін не болды?

Көптеген жүк тиеу-түсіру жұмыстары орындалатын ірі сауда объектілері жұмыс күшінің тапшылығы мәселесіне тап болды

Қала маңында тұратын жүк тиеушілер мен сатушыларды блок бекеттерде кері қайтарып жіберді.  Барлық деңгейдегі штаб жұмысын ұйымдастырған кезде сауда өкілдерін оған қоспаған. Сәйкесінше,

штабтарда шектеу шараларынан туындайтын қандай да бір проблемаларды көрсете алатын мамандар жоқ

Қалаларды оқшаулап, кіруін және кетуді шектегенде ешкім қаншама адамның  жұмыссыз және ақшасыз қалатынын ойлаған жоқ.

Жібек Әжібаева, kapital.kz сайтындағы сурет

— Сонда бизнес те, қызметкерлер де зардап шегіп отыр ма?

— Иә, олармен қоса тұтынушылар да. Тауарлар жоқ, жеткізу тізбегі бұзылған. Тапшылық пен бағаның өсуі де туындайды. Штабтар бұл мәселені пысықтауы керек. Негізінен,  кімнің кіріп-шыққанын белгілеп, осы жұмыскерлердің  күн сайын ары-бері өтуіне  рұқсат беруге болады.

Екінші маңызды аспект — адамдар күн сайын базарларға барады. Үкімет жоспарында объектілердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаражат бөлу көзделген. Күніне 8 сағат жұмыс істеуді жалғастыратын сауда саласының мыңдаған кәсіпорындары іс жүзінде дезинфекцияланбайды.

Үкімет сауда нысандарының санитарлық гигиенасына арналған қаражат бөлуді естен шығарған

Сөрелерге және базар аумақтарына дезинфекциялау жүргізілмейді. Базар қызметкерлерінің қауіпсіздігі туралы ешкім де ойлаған жоқ. Дезинфекция бойынша шығындардың ауыртпалығын нарықтарға өзіне жүктеу дұрыс емес.  Бұл тауарлардың соңғы бағасына әсер етеді.

Дезинфекцияға ақша қайдан бөлініп жатыр?

— Менің есептеуім бойынша , тек бір айда ғана 16 базарға 270 мың тонна дезинфекция қажет, — дейді Әжібаева. — Адамдарды үйлеріне қарай қуудан не пайда? Себебі, кем дегенде бір отбасы мүшесі азық-түлік алу үшін, санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілмеген дүкендер мен базарларға барады емес пе?!

Базар жұмысшылары күні бой жұмыс істеген киімімен үйіне барады. Осыған қатысты алаңдап отырмыз.  Санитарлық қызметтер сауда нысандарын шұғыл бақылауға алуы тиіс. Уақыт бізге қарсы жұмыс істейді. Вирустың жағдайы басқарылмайтын сипат алуы мүмкін.

Бұған қоса блок бекеттерге қатысты жаңалықтар тарады.

Алматыда пара алу фактілері тіркеліп үлгерген.  Адамдар ақша беріп, қала аумағына кіріп жатыр.

Бұл фактілердің барлығын мұқият тексеріп,  ІІМ бөлімшелері мен Қарулы Күштер бөлімшелерінің блок бекеттердегі бағыныштыларының жұмысы үшін тәртіптік жауапкершілігін арттыру қажет.

Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті Нұрсадық Әбішев Алматының барлық базарын аралап көрді. Оны таңғалдырған мәселелер көп болды. Күн сайын мыңдаған адам бір-бірімен қандай да бір қорғаныс құралдарынсыз байланысып, араласуда.

Нұрсадық Әбішев, kapital.kz сайтынан алынған сурет

— Мен «Алтын Ордада», Қарасай ауданындағы және Алматы ішіндегі базарда болдым. Біздің шенеуніктеріміз Уханьдағы қайғылы тәжірибесін ескермеді, онда жұқпалы ауру ең біріншіден базардан келген. Алматыда не істеді? Көптеген блок бекетті қойып тастады, ал базарларда ештеңе істеліп жатқан жоқ.

Адамдар бұрын қалай маскасыз, қолғапсыз, дезинфекциясыз жұмыс істесе, қазір де солай жұмыс істеп жатыр. Бұл коронавирус ошағы!

Алматыда 16 базардың ешқайсысы да қорғалмаған. Карантин енгізілді, ал сауда саласы бұрынғы қалыппен жұмыс істеп жатыр. Әкімшілікке қоңырау шалып, сөйлесу мүмкін емес. Ылғи да телефон желісі бос емес. Алайда билік карантин кезінде жұмыскерлерден айырылған базарлардың әкімшіліктеріне,  қаладан қонақ үй жалдап беріңдер деп кеңес береді. Мұндай қаржылық жүкті кім көтере алады?  Қалаға кіруге тыйым салынғандықтан, қала маңында тұрантын адамдар жұмыстарына жете алмай қалды емес пе?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз