CTS (бұрынғы “Астана LRT”) тасымалдау компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов балаларды тегін тасымалдау жүйесін енгізгеннен астаналық тасымалдаушылар қанша шығынға ұшырайтыны туралы айтты.
Бүгінде біздің жүйемізде 130 мың оқушы тіркелген. Жалпы алғанда, тасымалдаушылар айына 30 млн теңге жоғалтады”- деп жауап берді Бекмырза Игенбердинов.
“Маслихатпен, әкімшілікпен бұл мәселені жеке қарастыратын боламыз, бұл шығындардың орнын толтыру үшін бюджеттің қандай мүмкіндігі бар екенін анықтаймыз”, – деді
Компания басшысының айтуынша, балаларды тегін тасу туралы мәселе автобус парктерінің өкілдері арасында біраз уақыт бойы талқыланып келеді.
“Біз бұған жоспарлы түрде және байыппен келдік. Ең бастысы, тасымалдаушының кірісі мен шығысының ашықтығын қамтамасыз ету керек. Сараланған тарифті енгізу барысында, біз толығымен жолақысын электронды төлеуге өттік. Бүгінде қолма-қол төлем қабылдайтын автобустар жоқ “, – деп түсіндірді Бекмырза Игенбердинов.
Қазіргі кезде әкімшілік берілген құжаттардың барлығын қарастырып, тасымалдаушылардың шығынының орнын толтыру туралы мәселені шешіп жатыр. Тіпті болмаса, автобус парктерінің санын қысқартуымыз мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала басшылығы CTS компаниясымен бірігіп, 18 жасқа дейінгі балаларды автобустарда тегін тасымалдау туралы шешім қабылдаған.