Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

Қырғызстанның мамандары сыртқа кетіп жатыр. Елдің болашағы қандай болмақ?

199

Зерттеуші Мурат Лаумулин жақын болашақта Қырғызстанда мұндай экспорт тиімді деп болжам жасады. Бірақ елдегі мамандар ағымы  уақыт өте келе кейін өз салдарын көрсетеді.

Гастарбайтерлер миллиартаған доллар табыс табады

Бүгінгі күні Қырғызстанның экономикасы көптеген факторға тәуелді. Олар:

  • алтын өндірісі,
  • мигрантардың ақша аударымдары,
  • транзиттік сауда,
  • сыртқы көмектер.

Сондай-ақ сыртқы және ішкі өзгерістердің елдің жағдайына ықпалы зор.

— Мемлекеттік қарыз көлемінің жоғарылығы мен бюджет тапшылығы, кедейлік деңгейінің жоғарылығы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аймақаралық жіктеу, өндірістік және инфрақұрылымдық базаның артта қалуы, жұмыссыздық, жемқорлық және рушылдық – ең күрделі мәселелер, — деп атап өтті Лаумулин.

Ел азаматтарының жұмыс іздеп шетелдерге шығуы таңғаларлық жайт емес.

Қырғызстан әлемдегі ең ірі еңбек ресурстарын экспорттаушылардың бірі деп танылған

Бірінші кезекте Ресейге шығарады.

— Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес Қырғызстан Орта Азия және Европа елдерінің ішінде  еңбек мигранттары аударатын ақша көлемі бойынша көш бастап тұр. РФ Орталық банкінің мәліметтеріне сәйкес,

2017 ж. қырғыз мигранттары отанына $2,21 млрд ақша аударған және тура осы сомаға жуық қаражатты өздерімен бірге алып келген

— дейді сарапшы.

Қырғызстан ЕАЭО-қа кіргеннен кейін еңбек мигранттарының бәсекелестігі артып, олар үшін жаңа кезең басталды. Автордың пікірінше, осы елден келген адамдар Тәжікстаннан келген мигранттарға қарағанда орыс тілін әлдеқайда жақсы біледі. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше елдердің жұмыс күштері өзара еркін жүріп-тұра алады.

Сұраныс ұсынысты анықтайды

Лаумулин еңбек мигранттарының Ресейді тыңдауына ықпал ететін бірнеше себепті атап өтті.

Экономикалық. Еңбекке қабілетті халықтың сыртқа шығуына бірінші кезекте экономикалық фактор әсер етеді.  Яғни, өндірістердің жабылуы, жалақының төмендігі, жұмыссыздық және т.б. Сондай-ақ Ресейдің “тартушы” факторларының да ықпалы бар. Жалпы алғанда олар: жалақының біршама жоғарылығы, өмір сүру сапасы және т.б.

Әлеуметтік-демографиялық. РФ халықының еңбекке қабілеттілігі төмендеді. Сәйкесінше еңбек нарығындағы тапшылық шиеленісе түсті. Орта Азия елдеріндегі жағдай бұған қарама-қарсы.

Мәдени-тарихи. КСРО аясында әлеуметтік-экономикалық байланыстар орнады. Сонымен бірге, аймақта орыс тілі кең тараған. Бұл факторлар Ресейге жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

Инфрақұрылымдық-географиялық. Орта Азия елдерінің ҚХР, таяу Шығыс, Батыс Европа елдеріне қарағанда тасымалдау бойынша Ресей және Қазақстанмен тығыз байланысқан.

Саяси. ТМД, кейіннен ЕАЭО аясында саяси-экономикалық бірігу үрдістері, визасыз режімнің болуы және т.б.

2000 жылдардың  соңында Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына  еңбек мигранттарының ағыны келе бастаса, 2010 жылдары шарықтау шегіне жетті. Елден көбінесе жастар кетіп жатыр.

Әлемдік банктің статистикасына сүйенсек,

Тәжікстан мен Қырғызстан ЖІӨ-ге ақша аудару үлесі бойынша әлемдік рейтингіде бірінші және үшінші орынға ие болған

Олардың көрсеткіштері сәйкесінше 47% және 29%.

Нақты статистиканы ешкім білмейді

ОА елдеріне шетелдерден аударылған ақша көлемі 2013 жылы ең үлкен көрсеткішті көрсетіп, $12,9 млрд құрады.

Бұдан кейін Ресейде қаржылық-экономикалық дағдарыс басталып, нәтижесінде ақша аударымдары қысқарды.

2016 жылы $6,6 млрд көлеміндегі ең төменгі көрсеткіш тіркелді. 2017 жылдан бастап өсім байқалып, $7,9 млрд жетті.

Қырғызстанға келетін болсақ, аударымдардың көлемі 2016 жылы өсе бастады, ал 2017 жылы $2,5 млрд құрап, дағдарыстың алдындағы деңгейге жетті.

— Қырғызстанға жақын болашақта жұмыс күшін экспорттау тиімді. Үлкен көлемдегі ақша аударымдары үйде отырған әйелдердің шығынын жауып, кедейлік деңгейін төмендетеді. Еңбек эмиграциясы болмаған жағдайда Қырғызстанның кедейшілік деңгейі қазіргі 25%-дан 34%-ға дейін көтеріліп кетер еді.

Бірақ ол бұндай экспорттың жағымсыз салдары туралы да атап өтті. Ең алдымен әлеуметтік жүйе айтарлықтай артта қалды.

денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласы елдің өзіне қажетті жүздеген білікті мамандардан қол үзіп қалды

Ресейдегі еңбек мигранттары құрылыс, қызмет көрсету және сауда саласында, бір бөлігі тігін өндірісінде еңбек етеді. Сәйкесінше ер адамдар күрделі және ауыр жұмыстарға тартылған. Әйел адамдар қызмет көрсетуші персонал, даяшы және т.б. жұмыстарда  істейді.

Ресей еңбек ресурстарын импорттаудан біршама пайда табады. Дегенмен, еңбек мигранттарының Ресейдің экономикасын қандай пайда әкеліп жатқанын толық бағалау мүмкін емес, себебі, сырттан келгендердің басым бөлігі ресми жұмыс істемейді.

— Ресей Федерациясында еңбек эмигранттары белсенді түрде келе бастаған жылдардың ішінде Қырғызстан азаматтарының  демографиялық және әлеуметтік-экономикалық қоғамдары құрыла бастады. 2017 жылы 1 млн. адам, нақтырақ айтқанда эмигранттардың жартысына жуығына Ресей азаматтығын алып үлгерді.

Қазақстанда орнығып қалып жатқандар бар. Олардың саны 50 мыңға жетті

Түркия мен Оңтүстік Кореяда – 15 мың адамнан, сондай-ақ еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-та да бар,  — деп жазған Лаумулин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз