Шардаралық тәртіп сақшысының ерсі әрекеті әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыланып жатыр.
Бейнероликтегі жұдырығы жуан азамат Шардара аудандық патрульдік полиция полкінде взвод командирі болып қызмет етіп жүрген. Осы оқиғаны желіде талқыға салғандардың пікірінше, соққы алып жатқан адам заң қызметкерінің әйелімен көңіл қосқанға ұқсайды. Қалай болғанда да ішкі істер бөліміндегілер әріптесіне қатысты «бұзақылық» бабымен іс қозғап, өзіндік қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп жатыр.