Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Қайран, халық…”. Түркімендер тамақ алу үшін үстіндегі киімін сатып жатыр

9279

400 мыңдай халық тұратын Туркменабад қаласында халық үстіндегі ескі киімдерін жерге жайып қойып сатып отыр. Жырақтағы аудандардан келетіндер жаңа киімді қымбатсынып, осы жерден киінеді екен. Арзанға көйлек, тәпішке тапқанына мәз.

Қалалық жерлердің өзінде жұмыс жоқ, алыстағы ауылдар туралы не айтасыз?

Әйелдер мен қыздар байшыкештердің күңі болды, көлігі жоқ, таксовайт ете алмайтын еркектер көрінген жұмысқа жегілетін құл болған.

Туркменабадтағы дүкен атаулы ұзын-сонар кезектерден көз ашпай тұр. Адам басына 5 келіден артық ұн сатпайтын күйге жетті, деп жазады АНТ.

Ең сорақысы, «биыл рекордтық астық жинадық», деп жар салынған ел ұн тапшылығына тап болуда. Бейшара халық бәрін биліктен көреді: «дүкендерге ұн үлкен мөлшерде келеді де, базарға тасылады: нәтижесінде базарда үш есе қымбат бағамен ұн толып тұр, дүкенде лимит енгізілген. Сұйық майдың да жайы осындай», — дейді жергілікті тұрғындар.

Түркіменстан – капут болды! Неге?

Полицейлер аңдып тұрады

Азық-түлік алуға халық тұрған кезектерді полицейлер бақылайды екен. Олар кезекте тұрып қаны қайнағаннан билікке тіл тигізетін, соткасына видео түсіретін «сатқындарды» аңдиды.

Ашхабад та оңып тұрған жоқ

Ия, ел астанасында да сол жағдай деседі. Бір қолға екі нанан артық сатпайды. Бір наныңыз 1 манат (106 теңге). Коммерциялық дүкендерде тура осы нан 5-6 манаттан сатылады (республикада ең төменгі пенсия 279 манат, ең төменгі жалақы – 715).

Бірақ ресми баспасөзге сенсеңіз, елде бәрі кереметазық-түлік жеткілікті. Түркіменбашы Гурбангулы Бердымухамедов телевизордан солай ғана сөйлейді.

  • Мақалада АНТ агенттігі мен «Хроники Туркменистана» сайтының ақпараты пайдаланылған

Түркіменстан: құрдымға кеткелі отырған мемлекетте не болып жатыр?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз