Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Түркіменстан: құрдымға кеткелі отырған мемлекетте не болып жатыр?

322

Өткенде ғана президент Гурбангулы Бердымухамедов жиын өткізіп, оның күн тәртібінде өткен жеті айдағы экономикалық көрсеткіш, тоқтамайтын инфляция, азық-түлік тапшығы мен басқа да мәселелер қаралуы тиіс болған.

Бірақ оның орнына сол баяғы күмәнді цифрлардан құрастырылған қойыртпақ болды, — дейді порталдың авторлары.

Мысалы, үкімет соңғы жеті айда экономиканың өсімі 6,2% болды, ал «жалпы өндіріс» 4,4%-ке өсті деп дүңк еткізіпті. Мүмкін, «жалпы өндіріс» дегені инфляцияны есепке алатын нақты ЖІӨ болған шығар. Бірақ онда инфляция 1,8% болуы тиіс еді. Алайда проблемалық валюталарды зерттейтін Катон институты

Түркіменстандағы инфляцияны 100 проценттен асып отыр деп бағалайды.

2018 жылы орташа жалақы 2017 жылмен салыстырғанда 9,1 процентке өсті дейді.

Мұның өзі инфляцияның 1,8%-дан анық жоғары екенін көрсетеді. Манат бағамы қара нарықта қатты түсіп кеткен, — дейді журналистер.

Түркіменстан Қытайға газ экспорттайды. Бірақ ол келісімдердің шарттары қандай екенін ешкім білмейді.

Билік өтірік соға бере ме?

Ресми Ашхабад алдап отыр дейді. Мысалы, мемлекеттік БАҚ-та балалар үшін оқу жылы басталғанға дейін 100 мың компьютер шығарамыз деген ақпарат тарапты. Ал шындығында

Түркіменстанда корпус қана жиналады екен, ішіндегісі түгел Қытайдан келеді екен.

Шындығында, Түркіменстанда жақсы жаңалық жоқ.

31 шілдеде Бердымухамедов Довран Оразмырадовты сауда және сыртқы экономикалық байланыс министрі қызметінен алды. Ал 2 тамызда Мемлекеттік коммерциялық «Туркменбаши» банкінің төрағасы Ахмет Гылычурдыевты орнынан алды.

Ел астанасындағы басты сауда орталықтарының сөрелері жартылай бос тұр. Жөні түзу тауар жоқ. Азық-түлік дүкендерінен қант таппайсыз.

Ал жұмысқа орналасу үшін «сотталмаған деген анықтама» қажет. Оның өзін алу қиынның қиыны екен.

Ол үшін 400 манат (қара нарықта шамамен 20 доллар) пара беру дәстүрге айналған дейді.

Шетелге шығатындардан да осы анықтаманы талап етеді. Азаматтардың еркін қозғалуына шектеу бар.

Мәселен, өткенде ғана «Хроника Туркменистана» хабарлағандай, 19 жолаушыны Стамбұлға ұшатын рейске жібермей қойыпты. Олардың бәрі Түркияда оқуын жалғастыруға бара жатқан мектеп түлектері екен. Неге жібермей қойғанының себебін де айтпаған билік.

Елде бұрыннан бері 40 жасқа толмағандардың шетелге шығуына тыйым салынған.

Шілде айында ол тыйым жойылды дегендей ақпарат болған, бірақ мына жағдай тыйымның қайта енгізілгенін білдірсе керек,

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз