Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түркіменстан – капут болды! Неге?

12055

Қатаң режим мемлекеті

Түркіменстанәлемдегі жабық елдердің бірі. Қатаң цензура мен авторитаризм үшін оны Солтүстік Кореямен салыстырады. Үш-төрт жыл бұрын режимнің қатаңдығын жайлы экономикамен ақтауға болатын. Иә, елде жалақы жоғары болмағанымен, халық мемлекеттен тегін бензин, газ, су, тіпті тұзды да тегін алатын.

Түркіменбашы Гурбангулы Бердыммұхамедовтың Түркіменстан мемлекеттік мәдениет орталығының Мемлекеттік мұражайындағы портреті. Фото: РИА Новости/Рамиль Ситдиков

Халық ушлый ма, билік ушлый ма… «7-20-25» ипотекасын кім үшін ойлап тапқан?

Биыл күзде елдегі жағдай күрт нашарлап кетті. Қыркүйекте ел президенті Гурбангулы Бердыммұхамедов тегін коммуналдық қызметтерді жойды. Ұлттық валютаның конвертациясы қиындап кетті. Ресми бағам 2015 жылдан бері өзгерген жоқ, бірақ қара нарықта түркімен манаты тым тұрақсыз. 2018 жылдың басында бір долларға 9,8–10 манат берсе, қазан айының басында 18–19 манатқа долларды әрең табасыз.

Ең қажетті деген тауарлар жойылып кетті. Бағалары өзгермейтін бұрынғы мемлекеттік дүкендерде сөрелер бос тұр. Тауар алу үшін халық таң атпай кезекке тұрады. Мына бір видеода Дашогуз қаласында 600–700-дей адам ұн мен нан үшін кезекте қырылысып тұр.

«Бір қолға үш бөлке наннан артық бермейді, кей жерде нан тіпті төлқұжатпен сатылады, ал ұн алу үшін бір ай бұрын кезекке жазылдық», дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Муграб ауылының әйелдері тандырға нан пісіруде. Фото: Global Look Press/Viktor Gritsuk

Жекеменшік дүкендерде тауар шектеусіз сатылады, бірақ оның бағалары жаға ұстатады екен. Қазақстандық ұнның бір келісі наурыздағы 4,8 манаттан қазан айында 8 манатқа (840 теңге) бірақ қымбаттапты. Ал ресейлік екі келілік қораптағы ұнның бағасы қазан айында 4100 теңгеге жеткен.

Темекі тартатындарға қиын болды. Екі ай болды, мемлекеттік дүкендерде темекі жоқ. Жекешелер темекінің пәшкісін 7500 теңгеден сатуда!

Бензин қымбаттайды деген қауіппен Ашхабад халқы жаппай бензинді талап әкетуде. Бекеттерде күндіз-түні кезек. Мемлекеттік қызметтер де қымбаттауда. 1-ші қазаннан бері пошта тарифі 60 процентке қымбаттады.

Банкомат түгіл банктерде ақша жоқ, зейнеткерлер пенсиясын ала алмай отыр.

Сөйте тұра, жалақы бұрынғыдай. Мәселен, дүкен сатушысы айына 50 мың теңгедей алады алады. Түркіменстан жұмыссыздық туралы деректерді жарияламайды, бейресми деректер бойынша жұмыссыздық 60 пайызға жетеді. Әсіресе ауыл жастарының жұмыс табуы қиын.

«Қазақстанға өлім сценарийі келуі мүмкін» – Айдан Кәрібжанов

Капут деген осы

Жағдай өте қиын. Түркіменстан билігінің ауқымды жобаларға деген құмарлығы да ел бюджетіне тым ауыр соғуда. 2016 жылы Ашхабадта құны $2,3 млрд құраған сұңқар түріндегі әуежай ашылды. 2017 жылғы Азия ойындарын өткізу республика қазынасын $5 млрд шығынға ұшыратты. 2018 жылдың мамыр айында Түркіменбашы қаласында (бұрынғы Красноводск) құны $1,5 млрд болған теңіз порты ашылды.

2016 жылы Ашхабадта ашылған әуежай

Миллиардтаған доллар Каспий теңізінің жағасындағы Аваза курортын салуға шашылды. Алайда ол жерде демалатын ешкім жоқ. Халықтың оған ақшасы жоқ, қатаң визалық режимнен оған не шетелдіктер келе алмайды.

Түркіменстан газ қоры бойынша әлемде төртінші орын алады, бірақ Ашхабад көмірсутек қорының негізгі сатып алушыларымен арадағы қарым-қатынасын бұзып алды. Бұрын отынды Ресей, Иран және Қытай алып келген. Қазір Қытай ғана сатып алады. Ресей өз нарығын 2016 жылы жауып тастады. Оған себеп – түркімен жерінен өтетін газ құбырында апат болып, Түркіменстан бұл атапқа «Газпром Экспорт» компаниясын айыптап шыққан.

2017 жылы қарыздарыңды қайтармай отырсыңдар деген айыптаудан кейін Иранның солтүстік провинциялары да түркімен газынан бас тартты. Өткен жылы түркімен газ экспортының 94% Қытайға кеткен. Бірақ Пекинмен арадағы қатынас та мәз емес. Ақша Түркіменстанға толық жетпейді, өйткені газдың бір бөлігі Қытайдан алынған несиелердің қайтарымы ретінде кетіп жатыр.

Швейцариядағы халықаралық есеп-төлемдер банкіне сілтеме жасаған The Economist журналы

Германиядағы түрлі шоттарда Түркіменстаннан келген 23 млрд доллар сақталуда, деп жазған. Бірақ ол ақша кімдікі екені белгісіз.

Халық елден қаша бастады. Бірақ шенеуніктер бұған да барынша бөгет жасауға тырысуда. Елде небәрі 5,5 млн халық бар, жастардың жаппай қашып кетуі елдің қауіпсіздігіне үлкен сызат түсірмек.

Ашхабад 40 жасқа толмағандардың елден кетуіне тікелей тыйым салған. Әуежайдың маңайында жүрген жастар дереу тоқтатылады.

Бірақ бұл шаралар да қауіпті. Түркімен халқы жуас деп саналып келген. Бірақ аштық пен жоқшылық жағдайды өзгерте алады. Елде оппозиция деген нәрсе атымен жоқ еді, сол себепті оппозицияның орнын діни экстремистер басуы бек мүмкін.

Сирияда ИГИЛ қатарында 300–400-дей түркіменстандықтың соғысқаны белгілі. Елде түрлі радикалды топтардың ұялары жиі табылуда. Оның үстіне, Түркіменстан Ауғанстанмен шекаралас ел. Әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берсе, билікті исламистердің басып алуы ғажап емес. Бердымұхаммедовтің олармен күресуі еркін интернет пен шетелдік телеарналармен күресуінен де қиынға соқпақ.

Фото: РИА Новости/Рамиль Ситдиков

«Бұған бәріміз кінәліміз…». Журналист ащы шындықты айта салды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз