Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Халық ушлый ма, билік ушлый ма… “7-20-25” ипотекасын кім үшін ойлап тапқан?

“Қолжетімді баспана мәселесін шешеді деген бұл әлеуметтік бастама 2018 жылдың 5 наурызында жарияланып еді. Сол күні жұмыс істейтін әрбір қазақстандыққа мынадай шарттармен ипотекалық несие беріледі делінген:

  • несиенің сыйақы ставкасы жылына 7% аспайды;
  • бастапқы жарна 20%-дан аспайды;
  • несие мерзімі – 25 жыл.

Бұл бағдарламаны дардай қылып “7-20-25” деп атады.

Ертегі сияқты естілген. Бізде негізі ипотекалардың ставкалары өте жоғары, ал мына ресми инфляциямен деңгейлес 7 пайыздық арзан несиеге бәріміз қуанып-ақ қалғанбыз.

Бірақ мұндай кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға арзан, әрі ұзақ ақша керек. Ондай ақша теорияда не БЗЖҚ-да, болашақ ұрпақтар қорының резервтерінде, не Ұлттық банкте болуы мүмкін.

Билік уәде берді ғой, енді орындайтын шығар деп сенгенбіз

Енді ол ертегінің өтірік екені ашыла бастады. Бағдарламаны жүзеге асыратын оператор әрі бекітілмеген. Несие лимиті, бағдарламаға қатысатын баспананың қандай талаптарға сай болуы тиіс екені де белгісіз.

Неше-түрлі ұсыныстар болды. Нұр Отан” партиясы тіпті ипотекалық несие бойынша алғашқы жарна ретінде зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік беруді ұсынған болатын.

Ең қызығы, “7-20-25” бағдарламасындағы “жұмыс істейтін әрбір қазақстандық алатын болады” деген негізгі идея қатты өзгеріп кетті.

Енді ол әрбір қазақстандықтың қолы жетпейтін бағдарлама болып кетті.

https://kaz.365info.kz/bizdin-halykh-ushlyj-nyrsyltan-nazarbaev-keshe-ne-dedi-315140
Алдымен қазақстандықтарды ушлыйлар мен ушлый еместер деп екіге бөліп тастады. Ушлый дегені – өз атында кез-келген баспанасы бар адам. Оның қандай күйдегі баспана екенінде ешкімнің шаруасы жоқ. “Күрке болса да үйің бар екен, сен ушлыйсың, аулақ жүр” деп, ондай азаматтарды бірден аластатты. Сонда тар пәтерде тұратын отбасы бағдарламаның көмегімен үйін кеңейте алмайтын болды. Сосын бағдарлама бойынша тек жаңа үйлер беріледі деді, өзіңізге ұнаған ескілеу баспананы ала алмайсыз. Ең соңында баспана құнына да өңірлер бойынша шектеу енгізді – Астана, Алматы, Ақтау мен Атыраудың лимиті 25 миллион теңге, қалған өңірлерде – 15 миллион теңге.

2018 жылғы маусымның соңында “7-20-25” бағдарламасы толықтай әзірленді.

Сондағы нәтижесі мынау: мен, 15 жыл бойы тоқтамай жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан азаматы, баласы бар жас отбасы, бұл бағдарламаға қатыса алмайды екенмін. Өйткені ушлыймын. Екі бөлмелі тар пәтерім бар. Соған мәз болудың орнына үш бөлмелі пәтерді армандауға маған не жорық?
https://kaz.365info.kz/pater-algym-kelmejdi-akhyldy-khazakhtyn-temirbeton-teoriyasy-311401
Сонда әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққаарналған бағдарлама – қандай бағдарлама?

2018 жылдың 20 тамызында Ұлттық банк “7-20-25” бағдарламасы бойынша 1 мың 26 өтінішті мақұлдағанын мәлім етті. 18 миллион халық үшін бұл аз ба, көп пе, білмеймін. Мақұлданған өтініштердің жалпы сомасы – 11,9 миллиард теңге.

Сонда ипотекалық несиенің орташа бағасы шамамен 11,6 миллион теңге екен. Егер оған 20 пайыздық алғашқы жарнаны қоссақ, “7-20-25” бойынша алатын үйіңіздің жалпы құны 14,5 миллион теңге, немесе қазіргі бағам бойынша шамамен $40 000 болады.

Ақыр аяғында жылына 7 пайыздық 11,5 млн теңгенің несиесі деген мынадай болмақ:

  • 25 жылда төлейтін проценттеріңіз 12 млн 995 916 теңге;
  • жалпы 24 млн 595 мың 916 теңге төлейсіз;
  • 300 рет ай сайын 81 986 теңгеден төлеп отырасыз.

Банкте жұмыс істеген тәжірибем бойынша, несие бойынша ай сайынғы төлем максималды дегенде қарыз алушының табысының 30-50% болуы тиіс. Өйткені қарыз алушы мен оның отбасы мүшелерінің өмірлік мұқтаждықтарына ақша қалуы керек. Бұл дегеніміз,

ондай несие алушының айлығы 164 000 – 273 000 теңге шамасында болуы қажет.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сенсек, 2018 жылдың бірінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 158 000 теңгені құрап, жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс шамамен 84 000 теңгені құраған.

Ресми статистикамен дауласпай-ақ қояйық. Бірақ соның өзі жұмыс істейтін орташа қазақстандықтың “7-20-25” бағдарламасы бойынша орташа статистикалық несиені төлеуге күйі келмейтінін көрсетеді. Нәтижесінде

қолжетімді ипотека бар, бірақ оған кол жеткізуге жағдайы жететін адамдар жоқ”,

– делінеді мақалада.

https://kaz.365info.kz/sorly-basym-aj-kvartirant-yz-otbasymdy-shaj-ap-ketti-244186

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз