Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Былықтарын жайып салам…”. Атамбаев Жиенбековті сатып кетті

2171

Енді ол өзінің ізбасары Сауранбай Жиенбековке оңбағандық жасауда. Сөйтіп, өткен президент сайлауындағы барлық былықтарды жәрия еткен ол елдің саяси ортасын дүрліктіруде.

Қырғызстанда саяси күрестің екінші кезеңі басталды. Тартыс көрші елде орын алғанымен; біз оны назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақстанға оны мұқият бақылауға алған жөн. Оның өзіндік себептері бар.

Біріншіден, билікке тартыс кезінде Қырғызстандағы саяси күштер қазаққа қарсы бағытталған уәждерді ұтымды пайдалана білді.

«Құстырыңдар…». Атамбаевтан арылған Жиэнбеков не бүлдіргелі жатыр? (видео)

Соның арқасында аз да болса табысқа жетті. Бір жыл өткен соң, сол баяғы ойыншылар саяси тартыстың келесі кезеңін бастады. Ал олардың ескі әуенге салмауына кім кепіл.

Тіл табыса алмады

Екіншіден, поскеңестік кеңістіктегі билік ауысуда жаңа тәсіл орын алып отыр. Бәске екі мәселе қойылып отыр –

Шектен шыққан ізбасардан билікті қайта тартып алуға бола ма? Мұрагердің бұрынғы басшысымен бірден ат құйрығын кесісіп, оны талқандағаны жөн бе?

Елдің қазіргі басшысы Сауранбай Жиенбеков соңғы сұрақ төңірегінде талай рет басын қатырғаны анық. Солай десек те, осыдан бір апта бұрын ол өзінің алдында ғана елді басқарған және өзіне саяси жетектеуші болғысы келген Алмазбек Атамбаевты тас талқан етті.

Қалай болса да қос басшы тіл табыса алмады. Билігін нығайтып алған Жиенбеков Атамбаевтың адамдарын мемлекеттік аппараттан айдап шықты.

«Атамбаевтың адамы ма? Құрт!». Жиэнбеков экс-президенттің командасын тас-талқан етті

Нәтижесінде,

экс-президент саяси өмірдің тасасында қалса, Жиенбеков біреудің қолбаласы емес, нағыз президент ретінде президент сайлауындағы жеңісінің бір жылдығын тойлады.

Импичментке жеткізбекші

Қазіргі президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқылы өз билігін нығайтып алды.

Абырой болғанда, осы күрестің қармағына Сапар Исақов (бұрынғы премьер-министр) және Икрамжан Илмиянов (экс-кеңесші) сияқты экс-президенттің жақын үзеңгілестері ілінді.

Бұлардың соңғысы президент сайлауын өткізу үшін $150 мың бопсалады деген күдікпен қазанның соңында қамауға алынды. Ал өткен аптада Желіде Жиенбековтың сайлау алды науқанын қаржыландыруға кетті-мыс деген шығындардың толық есебі жарияланды. Сорақысы, қорытынды сома ресми цифррлардан әлде-қайда жоғары.

Атап айтарлығы, сайлауға жұмсалған шығынның балама нұсқасын Сапар Исаковтың адвокаты жариялапты. Ең қызығы,

ол, егер бұл расталса, президентке импичмент жариялауға болатынын атап көрсетіпті.

«Жиэнбеков жеңді!». Өзі әкелген адаммен алысқан Атамбаев енді не істейді?

Өз кезегінде,

президенттің баспасөз қызметі «шынайы шығындар» жөнінде пікір білдіруден бас тартып, олардың жалған екенін және Орталық сайлау комиссиясының барлық есеп-қисаптарды қабылдағанын алға тартты.

Ал Атамбаевтың ҚСДП папртиясы өткізілген шаралардың және оларға жұмсалған шығындардың рас екенін мойындады.

Осы орайда, өткен дүйсенбі, 19-қарашада Атамбаевтың осы мәселеге қатысты сұқбат беріп, президент сайлауын қаржыландыруда орын алған былықтырдың бетін ашатындығы жәрияланған болатын.

Егер өткен аптаның соңында президент Жиенбековтың Атамбаевты сын тезіне алғанын ескерсек, бұлардың соңғысынан тосынсыйларды әбден күтуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз