Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Жиэнбеков жеңді!”. Өзі әкелген адаммен алысқан Атамбаев енді не істейді?

Президент Жиэнбеков бірте-бірте сенімді түрде Атамбаевтың алдын орап, жеңістен жеңіске жетіп, толыққанды мемлекет басшысына айналып келе жатса, , экс-президент Атамбаев ақырындап, саяси процесстердің ортасынан шеттіле бастады, деп хабарлайды Саясат.

Кеше елдің премьер-министрі болған Сапар Исақовты тағынан тайдырған

Сооронбай Жиэнбеков елеулі жеңіске жетіп, тағы бір белесті бағындырды.

Өзінің саяси жоспарында Атамбаев 41 жастағы министрлер кабинетінің басшысына үлкен үмі артқан-ды. Ол елдің экс-президентіне атқарушы биліктің адалдығын қамтамасыз етуге тиіс болатын.

https://kaz.365info.kz/khajdan-gana-akeldim-ozim-degen-zhienbekov-atambaevtyn-byryshkha-tykhty-311024

Алайда мемлекет басшысы парламентарийлер тарапынан сенімсіздік вотумына ие болған Сапар Исақовты  бар-жоғы бірнеше сағаттың ішінде отставкаға жібеерді.

Премьер-министр лауазымына жалғыз үміткер  – президент аппаратының басшысы Мұхаммедқали Әбілғазиев, оның кандидатурасы бүгін парламенттің кезектен тыс отырысында қаралады.

Премьер-министр Исақовтың отставкасы 31-наурызда Алмазбек Атамбаев ресми түрде басшылығына келген өз партиясы – Қырғызстанның социал-демократиялық партиясындағы жағдайдың қаншалықты ушыққандығының көрінісі.

Сенімсіздік вотумы

Алдымен үкімет есебін қабылдаған социал-демократтар фракциясының басым көпшілігі кеше сенімсіздік вотумына қолдау көрсетті.

Өздерінің мұндай шешімге келу себебін

олар саяси текетіреске жол бермеуге ниетті екендігімен түсіндірді.

Олардың айтуынша, Сапар Исақовтың Экономикалық қылсытарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің басшысы лауазымына Болот Сүйімбаевты тағайындауы осындай бәсекеге жол ашқан-ды. Өйткені мұның алдында ел президенті оны Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекеттік комитетіндегі ұлттық қауіпсіздік саласындағы қауіптерді болжау және талдау қызметі директоры лауазымынан боастқан болатын.

https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-khyrsykh-khyrgyz-atambaev-sayasatkha-khajta-oraldy-308952

Жалпы, Исақовтың отставкасы Қырғызстан сарапшыларының таңданысын тудырған жоқ. Саясаттанушылардың көпшілігі бір елді екі адамға басқаруға болмайды деген пікірде.

Атамбаевтың «сұр кардинал» боолуға ұмтылысы іске аспай, Ал Қазақстанмен арадағы байланысты қалпына келтіруге ұмтылыс жаңа серпін алды.

— Жасыратыны жоқ, Исақов Атамбаевтың адамы болған.

Ал Атамбаев оның «басшысы» ретінде Қазақстанмен саяси қатынас орнатуға қарсы болған-ды.

Қырғызстанның «сұр кардиналы» болуға ұмтылған Атамбаев, ел билігіне ықпал етуге талпынған болатын. Бірақ оның мұндай талпынысы бір елде қос биліктің болуы мүмкін еместігін көрсетті.

Исақов жас әрі тәжірибесі шамалы саясаткер. 120 депутаттың 108 оның осттавкаға кетуін қолдап, дауыс берді. Бұл өте тез жүзеге асты. Атап айтарлығы, ол Сүйімбаевты жаңа қызметке тағайындағаннан кейін істің ақыры осылай тынатыны о бастан белгілі болған-ды. Оның үстіне, ол халықтың пікіріне құлақ аспады.

Дегенмен бұл өзгерістерді жақсылыққа балайық,

өйткені тұрмыс тауқыметінен шаршаған халық елде әлеуметтік-экономикалық саладағы оң өзгерістерді күтіп отыр.

Бар үміт Қазақстанның көмегінде

Жаңа премьер-министр елдегі жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, Қазақстанмен және басқа елдермен арадағы достық, саяси қарым-қатынасты қалпына келтіреді деп сенемін. Өйткені бұл Қырғызстан экономикасы үшін өте маңызды дүние, — дейді саясаттанушы Марс Сариев.

https://kaz.365info.kz/inin-emespin-atyshuly-atambaev-tagy-ne-byldirmek-305716

Осыдан біраз бұрын Сапар Исақов Қазақстан тарапынан Қырғызстанға ЕАЭО-ға қосылу үшін техникалық көмек көрсету мақсатында берілген 100 миллион доллар көлеміндегі көмектен бас тарту туралы қызық пікір білдірген-ді:

«Біз көптен күтсек те, Қазақстан көмегінен бас тарттық. Мен мұны былай түсінемін, біз оны күте-күте сарғаяр едік, болмаса темір-терсекпен алушы едік»

Жиэнбеков «тазалауды» жалғастырады

Сапар Исақов Қырғызстанның күштік құрылымдарына дербес жетекшілік жасау туралы шешімген келгенде, елдегі Саясаттанушылар ассоциациясының президенті Тоқтоғұл Қақчекеев  премьер-министрге сенімсіздік білдірді. Сарапшы сол кезде оған бизнесмендер қысым көрсете алатынын сезген-ді, өйткені ол солардың тарапынан «тағайындалған» тұлға болатын, сондықтан ол мүлікті талан-таражға салатындарды қорғауға міндетті еді.

— Үкіметтің ауысатыны айдан анық болатын. Өйткені экс-президент Атамбаев өткізген баспасөз мәслихатынан кейін оның кадрларының орнынан кететіні бесенеден белгілі дүние еді. Бірінші болып Ұлттық қауісіздіктің мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен кетсе, оның артынан  бас прокурор, әділет министрі лауазымдарымен қош айтысса, бүгін халық қалаулылары Исақовтың үкіметіне сенімсіздік вотумын білдірді.

Ал дегеніңіз,

президент Жиэнбеков өзінің алдында мемлекет басшысы болған Атамбаевтың адамдарын түгел алмастырады деген сөз.

Бұл жаңалық емес, кез келген басшы өз саясатын жүргізіп, соған қол ұшын беретін адамдарды таңдайды. Осымен біздің елімізде үшінші команда биліктен кетіп, олардың орнын жаңа команда басып жатыр.

https://kaz.365info.kz/khoj-terisin-zhamylgandar-khyrgyz-biliginde-kimder-otyrganyn-bilesiz-be-286976

Ал бұл командалардың әдетте,

билік басындағы президенттің партияластары қатарынан немесе жерлестері мен туыстары есебінен жасақталатын жасырын емес.

Қазір қоғам билік басындағы жерлестікті, таныс-тамырлықтың тамырына балта шауып, жемқорлықты жоямын деп, мәлімдеме жасаған жаңа президент қандай тағайындаулар жасайды екен деп, күтіп отыр», — дейді Қақчекеев.

Исақов Қазкақстан мен Қырғызстан арасындағы жағдай туралы

«Біз қысым көрсету тетіктерін пайдаланған жоқпыз. Бізді оған жеткізбесін деген ойдамын, өйткені біздің басқалардан ерекшелігіміз, сабырлық сақтап, ол тетіктерді пайдаланбауымызда.

Бірақ жағдай соған жеткізетін болса, біз ондай тетіктердің барлығын пайдаланамыз, оған аз уақыт қалған сыңайлы… Бұл экономикаға соншалықты қатты әсер етпейді (қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал) небары 0,3 процент ғана, ел бюджетіне 1 млрд сомнан астам қаржының түспей қалуы мүмкін, бірақ менің ойымша, олар біздің құдай қосқан көршіміз ғой, ондайға жеткізе қоймас.

https://kaz.365info.kz/balesin-khara-tanymal-zhurnalist-atambaevtyn-eki-ylken-khateligin-ajtyp-saldy-284850

Сондықтан тағы біраз сабыр сақтайық. Егер болмаса, тетіктерді пайдалануды бастаймыз». «Астана бірнеше дүркін екі жақты сипаттағы маңызды мәселелерді қуыршақ премьермен шешуге құлықты емес екендігін танытты».

Іс оотставклармен бітпес

Саясаттанушы Әділ Тұрдықұлов осындай пікір білдіріп отыр.

«Әлбетте, Сапар Исақов Атамбаевтың жақын, сенімді адамы, сондықтан ол премьер-министр лауазымына ұсынылып, тағайындалды.

Бұл президент Сооронбая Жиэнбековпен арадағы тепе-теңдікте сақтау үшін жасалған-ды,

өйткені Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін, оның билігі, өкілеттігі біраз шектелген болатын.

Шулы оставкалар мен Сапар Исақовтың тағайындалуы өзінің айтуымен жасалғанын Атамбаевтың өзі де мойындаған еді.

Ал бұл мемлекетті қалыпты басқарудың шегінен шығады. Менің ойымша, іс тек отстаывкалармен біте қоймас. Толыққанды мемлекет басшысы болу және халықтың қолдауына ие болу үшін,

Сооронбай Жиэнбековке жемқорлыққа қарсы күресті аяғына дейін жеткізу керек.

Менің ойымша, бұл процесс басталып кетті. Енді кімнің премьер болатыны соншалықты маңызды емес, өйткені ол кім болса да қазіргі преззиденттің айтқанымен жүреді. Оның қаншалық дұрыс, не бұрыс болатынын уақыт көрсетер.

Қазақстан, әрине, біздің басты саяси және сауда-экономикалық серіктесіміз.

https://kaz.365info.kz/balesin-khara-atambaev-putin-medvedev-stsenariin-zhyzege-asyrmakh-pa-284448

Астана бірнеше дүркін екі жақты сипаттағы маңызды мәселелерді қуыршақ премьермен шешуге құлықты емес екендігін танытты. Бұл, әлбетте, белгілі бір қиындықтар тудырды».

Саясаттанушы Сапар Исақова  қызметтен кетуі Қазақстаном мен Қырғызстан арасындағы барлық кедергілерді жойды деген пікірде.

Ал Қырғыз елінің жаңа үкіметі жасаған алғашқы қадам – Астанаға екі жылға жуық болмаған  елші тағайындалды.

Сыртқы саясатта Сооронбай Жиэнбеков Атамбаевтан мұраға қалған бкарлық кедергілерді оп-оңай жойып жіберді. Өзбекстан мен арадағы шиеленісті тез ретуке келтіріп, Қазақстан арадағы «кеден соғысын» да еңсеріп тастады.

Атап айтарлығы, жаңа президент бастаған Бішкек көршілермен достық қарым-қатынас орнатуда өзіне берілген мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, ежелгі достық, бауырластық қарым-қатынасты тез қалпына келтірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз