Ал керек болса! Қырғызстан президенті Жиэнбеков пен оның командасы Атамбаевтың және оның серіктестерін шындап қыспаққа алған сыңайлы. Экс-президенттің командасында болған лауазымды шенеуніктерден үстінен қылмыстық істер қозғалып жатыр. Жағдай осылай жалғаса берсе, күзге қарай парламент те таратылатын сыңайлы.
Сооронбай Жиэнбеков өзінің алдында мемлект басшысы болған Алмазбек Атамбаев қалдырған мұрадан арылуды жалғастыруда. Елде күн сайын “жемқорлық жасады” деп айыпталған жоғары лауазымдағы шенділердің үстінен қылмыстық істер қозғалуда. Жиэнбековтың жемқорлыққа қарсы бағытталған алғашқы қадамын қолдаған ешкімнің тісі оңайшылықпен бата қоймайтын депутаттар оппозиция жағына шығып кетіп,
Жоғарку Кеңештің мерзімінен бұрын таратылуына себеп болуы мүмкін
2017 жылдың соңында ел президенті болып сайланғаннан кейін, Жиэнбеков белсенді түрде жемқорлыққа қарсы бағытталған науқанды бастап жіберген-ді. Сөйтіп, күрескерлердің қармағына бірінші болып экс-президенттің үзеңгілестері іліне бастады. Саясаттанушылар екі саяси алыптың арасындағы алауыздықты көптен бері сөз етіп келеді. Дегенмен олардың арасындағы текетірес әзірге ашық айқасқа ұласа қойған жоқ.
29-мамырда экс-премьер-министр Сапар Исақов (оның алдында президент Алмазбек Атамбаев аппаратының жетекшісі болған) Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекеттік комитетіне жауап алуға шақырылып, 6 сағат бойы сұрақтың астына алынды.
Оған Бішкектегі жылыту орталығын (ТЭЦ) модернизациялау бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жемқорлық жасады деген айып тағылуда.
Тергеушілердің пайымдауынша, Исаков 2013 жылы, президент аппараты басшысының орынбасры шенінде сыртқы саясат бөлімінің басшысы болған кезінде «Бішкек жылу орталығын модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында өзінің саяси лауазымын пайдалана отырып, жоспарланбаған шараларды жүзеге асырған.
Сөйтіп, бір топ адаммен бірлесе отырып, конкурстық іріктеу кезінде шетелдік компанияның (модернизациялауды жасаған қытайлық TBEA компаниясының — ред. Ескерт.) мүдделеріне лобби жасаған,
нәтижесінде, мемлекет пен қоғам мүдделеріне аса ірі көлемдегі залал келтірілді.
Мұның алдында осыған ұқсас баптар бойынша бір қатар лауазымды шенділер тұтқындалған болатын, оның ішінде, күштік құрылымдардың басшылары да бар. Міне,
осының барлығы саяси билік басындағы мүдделер қақтығысы ушыға түсті
деп болжауға негіз береді.
https://kaz.365info.kz/zhienbekov-zhendi-ozi-akelgen-adammen-alyskhan-atambaev-endi-ne-istejdi-312694
Саясаттанушы Денис Бердаков бұл текетіреске не себеп болғаны және мұның неге парламентті таратуға әкеліп соғатыны туралы әңгімелейді.
— Атамбаев пен Жиэнбеков арасындағы жасырын текетіресті қалай сипаттай аласыз?
— Өзіңіз көріп отырғандай, қазіргі президент пен оның командасы экс-президенттің командасындағы бір қатар белді шенеуніктердің үстінен қылмыстық істер қозғады.
Осы текетірес ашық айқасқа айналама? Олай бола қоймас, деп ойлаймын. Ол үшін ең қолайлы сәт сәуірдің басында болған-ды, бірақ ол мүмкіндік пайдаланылған жоқ.
Жалпы, қалыптасқан жағдай парламент сайлауы (келесі сайлау 2020 жылғы күзде өту керек) мезгілінен бұрын өтуі мүмкін деген ойға жетелейді. Менің өз болжамдарым бойынша,
кезектен тыс сайлауды өткізу ықтималдығы 85 процентке дейін көтерілді
2017 жылы және биылғы қыста мен кезектен тыс сайлаудың өткізілу мүмкіндігі өте төмен деген пікір айтқан едім. Ал қазір Сооронбай Жиэнбеков барлық жерге өзінің сенімді адамдарын болмаса да өзіне адал адамдарды отырғызып үлгерді.
https://kaz.365info.kz/khajdan-gana-akeldim-ozim-degen-zhienbekov-atambaevtyn-byryshkha-tykhty-311024
Егер Ұлттық қауіпсідіктің мемлекеттік комитетіндегі және іщкі істер министрлігіндегі? Министрліктер мен ведомстволардағы соңғы тағайындауларға назар аударсақ, 2 тенденцияны байқауға болады:
Егер осы жазда парламентті тарату процедурасы басталып, сайлауды өткізу күні анықталса, онда оның барысында бір қатар мәселелер шешілетін болады.
Біріншіден, саяси күн тәртібі, кем дегенде, жарты жыл бойы парламент сайлауына дайындықтан және одан кейінгі портфельдерді бөліске салу мәселелерінен тұратын болады.
https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-khyrsykh-khyrgyz-atambaev-sayasatkha-khajta-oraldy-308952
Бұл процесстер, өкінішке қарай, Қырғызстан халқының назарын шешілмей жатқан саяси-әлеуметтік мәселелерден, оның ішінде, экономикалық инвесторлармен жұмыстан, басқа жаққа аударып жібереді.
— Бұған қазіргі парламенттің депутаттары қалай қарар екен?
— Әлбетте, олар бұған қарсы. Жалпы, парламент (тіпті, ҚСДП фракциясы да) Сооронбай Жиэнбековке Атамбаевтың саяси мұрасымен күресте белсенді қолдау көрсетті. Алайда, атап айтарлығы, 2015 жылғы парламент сайлауы барысында экс-президенттің әкімшілігі жинақтап, қалыптастырған парламенттік машина мен аппарат бар.
Парламентте отырған бұл адамдардың белгілі бір жиынтығы, мақсаттары бар, соның салдарынан, қазіргі президент парламенттегі бірде бір партияны бақылап отырған жоқ. Әрине, теориялық тұрғыдан алғанда,
ол 2013-2015 жылдар аралығында Атамбаев құрған жүйені анықтап, оппозицияға керемет берілген депуттарды оларға қарсы қылмыстық істер қозғау арқылы «сындыра» алады.
Олардың көпшілігіне қарсы кезінде қылмыстық істер қозғалған, сөйтіп, парламенттегі тыныштыққа қол жеткізілген-ді.
Жиэнбековке де осы жолмен жүруге тура келеді,
өйткені қазіргі Жоғорку Кеңеш оның айтқанына көніп, айдауына жүре қоймас.
Парламент не болса да өзіне билік тарапынан таңылған өкілеттен арылуды армандады, сөйтіп, заң шығарушылар (тіпті, ҚСДП да) Атамбаевтың мұрасы жоюға көмектесті және оның тағайындаған адамдарына қарсы қозғалған қылмыстық істерге қолдау білдірді.
Алайда енді парламент тәуелсіздік пен еркіндікке қол жеткізіп, ешқандай қысым көргісі келмейді.
https://kaz.365info.kz/nazarbaevkha-beripti-goj-mirziyaev-ayakh-astynan-akhsh-kha-bargaly-zhatyr-315025
Сондықтан Жоғарғы сот судьяларының лауазымына Жиэнбеков ұсынған бес кандидаттың үшеуін парламенттің өткізбей тастауы Жоғоргку Кеңештің өзінің қауіпсіздігі мен қорғалуын тілейді дегенді білдіреді.
Ол адамдар кезінде
парламентте өздеріне еркіндік, ал фирмаларына бюджет ақшасын бөлу мүмкіндігі берілуі үшін, 300 мыңнан 1 млн долларға дейін төлеген-ді.
Негізгі мәселе осында жатыр.
— Барлық жаңадан сайланған президенттер өздеріне қалдырылған мұрамен сыйыса алмай ма?
— Мұндай жағдайға тап болған жалғыз Жиэнбеков емес.
Біздегі бірде бір президент өзінің алдында мемлекет басшысы болған тұлғаның аппаратымен істесе алмады.
Қазіргі жағдайда парламент – қоғамдағы неғұрлым ықпалды, дәлетті және байсалды адамдардың съезі. Сайлаудың нәтижесінде олар бір бірімен белгілі бір келісімге келеді, сөйтіп, бұл адамдар кімнің болса да тісі оңайшылықпен бата қоймайтын тұлғаларға айналады.
Ал қазіргі президент пен Жоғорку Кеңеш арасында ондай келісім жоқ.
Сондықтан сайлау нәтижесінде, президенттік партия, мүмкін, сондай екі партия қалыптасуға тиіс. Міне, президент биліктің осы тармағын өзіне бағындырып? Одан жаңа үкімен қалыптастыруға тиіс.
https://kaz.365info.kz/inin-emespin-atyshuly-atambaev-tagy-ne-byldirmek-305716
— Егер кезектен тыс сайлау өткізілсе, парламенке қандай партиялардың өтуі мүмкін?
— Менің ойымша, оңтүстікте мықты партия жасақталады. «Республика» фракциясына кіретін «Ата-Жұрт» партиясының бір бөлігі пвартиядан бөлініп, оңтүстікте құрылатын бірлестіктің құрамына кіретіні анық.
«Ата-Мекен» партиясының болашағыда бұлыңғыр, оның үстіне, партия көшбасшысы әлі күнге дейін қамауда отыр.
Партия қатарында ықпалды, дәулетті адамдар қалған жоқ, ал ақша жоқ жерде болашақ та болмайды.
Жыл сайын парламентке олигархтар партиялары еніп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көсемшілдікке негізделген «Ата-Мекен» артында дәулеті тасыған 5-6 олигарх, беделді ру-тайпа басшылары немесе беделді экс-шенеуніктер тұрған партиялармен иық теңестіре алмайды.
ҚСДПК мүмкіндігі сайлау алдындағы саяси ахуалға байланысты, болжау өте қиын – бізде бәрі мүмкін.
«Бір Бол» партиясы, дәлірек айтқанда, оның басшылары анық өтеді — біреуі осы партия, енді бірі басқа саяси ұйымдар арқылы. Оның қатарындағы адамдар дәулетті әрі өтімділігі жоғары азаматтар.
«Онугуу-Прогресс» және «Кырғызстан» партиялары ауқымды өзгерістерге ұшырайды? Өйткені олардың қатарында «сен тұр мен атайын» деген кілең көшбасшылар шоғырланған. «Кырғызстан» партиясы — шынтуайтақ келгенде, бүкіл ел көшбасшыларының бірлестігі. 2015 жылғы сайлауда ол, шындап келгенде, ҚСДП-ның сыңары болды. Қазір неғұрлым салмақты тұлғалардың қайда бет алатынына назар аударған жөн.
— Қазіргі жағдайда лауазымда отырған премьер-министр және аймақ басшылары кімді қолдайды деп ойлайсыз?
— Мухамметкалый Абулгазиев — Жиэнбеков сенім артқан адам, бұл айдан анық. Жалпы, бізде барлығы жүйелі:
президент оңтүстікі болса —премьер солтүстіктен. Керісінше болған жағдайда, бәрі тиісінше болады.
Қазір нарын қауымдастығы күшті қолдауға ие, солтүстіктіктер арасында осы нарын қаржы қауымдастығы неғұрлым қуатты қолдауға ие болды.
https://kaz.365info.kz/putinnin-khuyn-aj-khazakhstan-euraziyalykh-odakhtan-shyga-almaj-ma-314566
Таластағы және Ыстық Көлдің бір бөлігіндегі жағдай мәз емес.
Осы орайда, атап айтарлығы, оңтүстіктегі жағдай сырт көзге қалыпты көрінгенімен, оңай емес. Мұнда көсбасшылар көптеп шоғырланған, сондықтан
Президентке елеулі шегініске баруға тура келеді. Жемқорлыққа қарсы бітіспес шайқастың болмасы анық.
Өйткені оны жүргізу мүмкін емес. Жалал-Абад, Ош және Баткен облыстарында халықтың қолдауына ие болу үшін осы көшбасшыларға біраз жеңілдіктер жасауға тура келеді.