Қарашаның 14-нен 15-іне қараған түні тойда бірнеше қонақ жанжалдасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қару қолданған жігіттер кейін «Мазда» көлігімен қылмыс болған жерден бой тасаламақ болған. Алайда, олар оқиға орнына келіп жеткен полиция департаментінің арнайы көлігімен соқтығысқан.
Зардап шегуші қалалық ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция қызметкерлері төбелескендердің барлығын анықтап, күдіктілерді ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.