Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Оразалиннің руластары “жазушы” деген куәлік алып, Одаққа мүше боп кетті

1601

Тағы да трайбализм жайлы. Негізінен, осы тақырыпты індетіп жаза бергеніміз дұрыс. Мәселе, Фариза апамыздың жеке басында емес. Ол кісіхалық Құдайдай көрген, құлай сенген көп ақынжазушымыздың бірі. Ал зиялы қауым мен билік басында ел сеніп отырған көп адамның осы кеселмен мықтап шырмалғаны өтірік емес! Осыған қатысты басымнан өткен бір оқиғаны айта кетейін.

"Фариза апам сондай ма еді?". Жаман сөз айту емес, басымнан өткені…

Қайбір жылы Өскеменнен іссапардан кері қайттым. Жаңғызтөбеге таксилетіп келіп, СемейАлматы бағытындағы пойызға міндім. Менің қуанышыма орай, көрші купеде кіл ақынжазушылар келе жатыр екен. Қуанып кеттім. Әсіресе, Қабдеш ағамыз бүкіл жұртты аузына қаратып, әңгімені соғып келеді. Тыңдаушы бірнеше адам. Бауыржан Жақып, Есенғали Раушан, Мамытбек Қалдыбай есімде. Басқаларын ұмытыппын.

Сөйтсем, ақынжазушылар Семейдегі Шәкәрімнің тойынан қайтқан беттері екен. Шетте отырып, Қабекеңнің әңгімесін тыңдап отырғам. Кенет, Қабдеш маған қарап тұрды да:

Әй, бала! Сен қайдан боласың?”

Ойымда дәнеңе жоқ. Іссапардан қайтып келе жатқанымды айттым.

Жоқ. Туған жерің қайдан деп сұрап тұрмындеді.

Аға, Шымкенттен болам“.

Шымкенттің қай жағы?”

Созақтанмын…”

Созақтан болсаңҚоңырат шығарсың?”

Жоқ, аға. Тама боламын“.

Солсолақ екен, ағамның көзі сүзеген бұқаның көзіндей алайып шыға келді де айқай салды: “Әәә! Сен шпион екенсің ғой! Менің ата жауым сені арамызға әдейі жіберген екен ғой! Бар! Шық, купеден!” деп баж ете қалды.

Басында әзілі шығар деп мән бермей отыра бергем. Өйткені, Қабдештің кіммен жауласып, кіммен айтысып жүргенінде не шаруам бар? Сөйтсем, ақсақал екіленіп қоятын түрі жоқ.

Мен ары қарай ештеңе айтпаймын! Мына шпионды шығарып жіберіңдер!” деп үдетіп барады.

Басқалар да мен сияқты түсінбей қалды. Жымиып, үндемей отыр. Мамытбек ағам сыртқа жетектеп алып шықты да: “Бұл қиқар шал. Шын ниетімен айтып отыр. Жүйкесін жұқартпайақ қойшыдегесін, “Қабдеші құрысын!” деп өз купеме кеттім.

Кейін Қабдештіңата жауыкім екенін білдім. Сөйтсем, Кіші жүзден шыққан Әбдіжәміл Нұрпейісов екен! Сөйтіп, ойда жоқтатитандардыңсоғысы арасында жазықсыз жапа шеге жаздағаным бар.

Бірақ бұдан мен тек Қабдеш Жұмаділов қана рушыл деген ойға келген жоқпын.

Осы бір мысалданбіздің зиялы қауым арасындағы кеселдің тым терең, тым дендеп кеткенін ғана білдім. Бұл бір ғана мысал.

Кейін, Жазушылар Одағын Оразалин басқарған тұста Оразалиннің руластарыеңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін” “жазушыдеген куәлік алып, Одаққа мүше боп кетті.

"Оны білеміз ғой". Ең рушыл ақын, ең жағымпаз жазушы кім?

Бұрын трайбализмнің қолтығына су бүркіп, оны жиіжиі үрлеп отырушыКремль болса, ал қазір кәдімгі өзіміздің билік! Президент аппараты, сот, құқық қорғау сияқты басты орындарда кімдер отыр? Әрине шапыраштылар! Шапырашты болмаса — Ұлы жүздің өкілі. Олар қол астындағы облыстық, аудандық тармақтарға кімдерді қояды? Әрине, өз руластарын, туыстарын, болмаған жағдайда курстас достарын қояды! Осылай, спруттың тарбиған тармағы алыстағы ауылдарға да зиянын тигізіп жатыр. Бұл тек Ұлы жүз ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзге де тән “дәстүр”. Трайбалистер бүгінде “жоғары кастаға” немесе йерархияға айналған. Кешегі Сарыағаш оқиғасы секілді елдегі бүкіл кесірлі оқиғаның салдары осы трайбализмде!

Трайбализмнің көрінісі кез-келген өңірге барсаңыз алдымен көзге ұрады!

Мысалы, Алматыдағы басты көше Абылайхан атында. Шымкентке барсаңыз — Тәукехан көшесіне түсесіз. Әбілқайыр хан даңғылы — Оралда. Махамбет пен Құрманғазы Атырауда. Кенесары — Көкшетауда.

Ескерткіштер де дәл солай! Қызылордада Жанқожа, Атырауда Махамбет пен Исатай, Жезқазғанда Кетбұға, Алматыда Қарасай (мұндай батырдың болғанына күмән көп). Керісінше емес! Неліктен, Исатай мен Махамбетті Шымкентте, Қабанбай Атырауда, Жанқожа Өскеменде, Жәңгірхан Петропавлда тұрмайды? Неліктен?

Қысқасы, руыңды білгенің жақсы. Бірақ қыз алысып- қыз берісу үшін ғана! Басқаша бөлінудің бәрі бекер!»

Тоқтар Жақаштың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Руым Адай, ал қайтесің?". Рушылдар қайдан шықты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз