Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Руым Адай, ал қайтесің?”. Рушылдар қайдан шықты

276

Бірге оқыған курстастардың қай рудан, қай жүзден екенін білмей өттік.

Қалай еліміз Тәуелсіздік алды, солай жершіл, жүзшіл, рушыл болып шыға келдік.

Бұл – ащы шындық. Бұған ешкімнің қарсы дау айта алмасы хақ.

Қазір қай жерге жұмысқа тұрма, кіммен араласпа, ең бірінші «қай жақтансың, қай рудансың», деген әңгіме айтылады.

Қазір, тіпті,одан да өткен сорақылық етек алып бара жатыр. Ол – өздері мінген көліккке руларының атын жазып алуы. Басқа жақты қайдам, өзім тұратын Алматыда бұл жәйт жиі кездесді.

Әсіресе, «Албан», «Шапырашты», «Найман», «Арғын», «Адай» деген жазуы бар көліктерді көшеден жиі кездестіруге болады.

Бұл соңғы кезде тым етек жайып барады. Ешқандай жақсылықтың нышаны емес. Бүйте берсек, түбі ру-ру болып атысып-шабысып кетуіміз мүмкін.

Қазір «қазақ анадай, қазақ мынадай» дегенге үндемей, «Қоңырат мынадай, Арғын анадай» деші – қызарып-сұрланып, жағаңды жырта жаздап, жанжалдаса кететіндер көп. Өкінішті.

Әсіресе, жастар жағы өздерінің «бәленбай» деген рудан екендерін мақтаныш көретін сияқты. Әрине, тегіңді біл. Оның зияны жоқ. Бірақ әсіре рушыл болма!

Біз өзі жері үлкен, бірақ санымыз аз халықпыз. Сондықтан жақ-жақ болмай, «қазақпыз» деп ұйысуымыз керек. Ал көліктерімізге руларымыздың атын жазып алатын болсақ, ол масқаралықтың көрінісі боламақ. Осы жағын ойланайық, ағайын!

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз