Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесінің тарихы тереңде. Шырақшының айтуынша, кіші жүз ұрпағының бабасы саналатын Қарабура шыншыл жан болған. Тіпті оның киесі де бар дегенді алға тартты.
«Крутить больных» деп желіде „жұлдыз„ болған дәрігер ағынан жарылды: «Әлі өкінем…»
«Екі ай бұрын Ресейден 16 жастағы орыс қызы анасымен келді. Осыдан алты жыл бұрын әкесі үйіне ішіп келіп, ұйықтап жатқан қызының үстінен аттап өтіп шешесін ұрған екен. Қызы шошынып қалған ғой, содан орнынан тұра алмай, төсек тартып жатып қалыпты. Жүру былай тұрсын, отыра да алмайды. Апармаған жері қалмаған.
Бір күні қыз түс көрген ғой. Үйіндегілерге: «Түсімде Қарабура деген жерге барыппын. Кесенеде үлкен тал бар, соған арқаммен отырып, ұйықтап кетіппін. Оянсам, белім жазылып, кәдімгідей жүрмін» деген екен.
Содан туыстарымен жабылып Қарабураны іздеген. Алты жыл бойы. Ресейліктер Қазақстан деген жердің барын білгенімен, Созақты, соның ішінде Қарабураны қайдан білсін? Ақыры тауыпты.
Орамалды келіншектің әңгімесі: «Кезінде мені алмай, тастап кеткен жігітімді көрдім…»
Осында үш күн түнеп, аяқтан тұрып кетті».
P.S. Қарабура әулие кесенесі Шымкенттен 257 шақырымдық жерде, Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан.