“Крутить больных” деген сөзімен желіде „жұлдыз„ болған дәрігер екі жыл үзілістен соң тағы да басшылық қызметке келді. Әнуар Аманов Жарбосынов атындағы ұлттық урология орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Дәрігердің ақталған жүрекжарды сөзін Tengrinews.kz жариялады.
„Мен ол сөзім үшін әлі өкінем. Айтылған сөз атылған оқ дейді ғой.
“Крутить больных” деп айтқаным рас. Алайда оның мағынасы өзгеріп, желідегілер тонын теріс айналдырып жіберді. Бәрі шулап кетті. Айтпағанды айтты. Оның қайсібіріне барып ақталасың. Сол кезден бастап желіні қолдануды қойдым.
«Сонда бассейнге қашан барам?..». Немерелерін баққысы келмейтін әжей ағынан жарылды
Әріптестерім, әрине менің сөзімнің бұрмаланып кеткенін түсінді. Белгілі бір деңгейде жандары да ашыды. Қатты шаршап жүрген кезім болатын. Оның үстіне магистратураға түскем. Сондықтан мен қызметімнен өз бетімен кеткен едім. Одан бері екі жыл өтті.
Бір жыл Германияға барып, шетелдік әріптестеріммен тәжірибе алмасып, біліктілігімді арттырып келдім. Қазір жаңа қызметке келіп жатырмын. Ештен кеш жақсы демекші, сол оқиғаның ыстық-суығы басылған соң бұл жайында сөз қозғап отырмын.
Қайталап айтайын, “крутить больных” деген науқастардан ақша жаса дегенді білдірмейді. Бұл арада науқастың жан-жақты, барлық анализі мен мәліметтерінің болуын айтқан едім.
Мысалы, егер науқас соқырішекпен түссе, біз оны тексеріп, ота жасап, шұғыл көмек көрсеттік. Енді бұл кісі жара орнын тануға қайта-қайта келмес үшін ол туралы кең мағлұмат білуіміз керек болады.
«Қарсы қойып жатыр…». Үлкен қызы Абай Бегейді шілдеханаға шақырмай, жүрегін ауыртты
Немесе бас-ми жарақаты бар делік. Бұл диагноздан басқа науқастың тағы қандай созылмалы аурулары бар? Оны да білуіміз керек қой. Компьютерлік тормографиясы, невропатологтың кеңесі болуы тиіс. Алға келген науқастың денсаулығы туралы толық мәлімет болу тиіс. Онсыз қалай отаға кірісесің?.. Бұл сол үшін керек.
Әйтпесе менің ақшада шаруам жоқ. Мен науқастарды бюджетті, ақылы деп бөлмеймін. Алдыма келді ме, ол менің науқасым, болды. Бірақ қол астымдағылардан науқастың денсаулығы туралы барлық мәліметті талап етем. Бұл диагноз қоюда, ем тәсілін таңдауда үлкен рөл атқаратын фактор.
Қол астымдағылардың смартфон пайдалануына тыйым салмаймын. Бұрын да өйтпегем, – дейді ол.
«Мынау сол ма?..». Айгүл Иманбаеваның суреті желідегілерді шошытып жіберді